Құпия сөз арқылы бағдарламаға қатынасуды қорғау

Бағдарламаға қатынасты құпия сөз арқылы шектеуге болады. Құпия сөз арқылы бағдарламамен орындалатын келесі әрекеттерді қорғауға болады:

Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints бағдарламасына қатынасты құпия сөз арқылы қорғау үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Тапсырмалар тақтасының хабарландырулар аумағында бағдарлама белгішесінің контекстік мәзірінде Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints ашу тармағын таңдаңыз.

    Бағдарламаның басты терезесі ашылады.

  2. Бағдарламаның басты терезесінің оң жағында орналасқан Параметрлер сілтемесі арқылы өтіп, Параметрлер терезесін ашыңыз.
  3. Құпия сөз қорғанысын орнату сілтемесі арқылы Жалпы бөлімінде Құпия сөзбен қорғау терезесіне өтіңіз.

    Бағдарламаға қатынасты қорғау құпия сөзі бұрын орнатылса, сілтеме Құпия сөзді өзгерту түрінде болады.

    Құпия сөзбен қорғау терезесі ашылады.

  4. Ашылған терезеде Жаңа құпия сөз және Құпия сөзді растау өрістерін толтырыңыз.
  5. Құпия сөзді пайдалану аймағы блогында қатынасты құпия сөзбен қорғау керек бағдарламамен әрекеттерді көрсетіңіз.
  6. Сақтау түймешігін басыңыз.

Құпия сөзді жоғалтсаңыз, оны қалпына келтіру үшін «Лаборатория Касперского» техникалық қолдау көрсету қызметіне хабарласу қажет.

Басына