Қорғалған шолғыштағы лицензияланған банк веб-сайтын ашу үшін таңбашаны жасау
Қорғалған шолғышта лицензияланған банктің веб-сайтын ашу мақсатында таңбашаны жасау үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:
Тапсырмалар тақтасының хабарландырулар аумағында бағдарлама белгішесінің контекстік мәзірінде Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints ашу тармағын таңдаңыз.
Бағдарламаның басты терезесі ашылады.
Бағдарламаның басты терезесінің оң жағында орналасқан Параметрлер сілтемесі арқылы өтіп, Параметрлер терезесін ашыңыз.
Қосымша бөлімін таңдаңыз.
Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints таңбашасын жасау сілтемесі арқылы орнатылған бағдарламада қолжетімді барлық лицензияланған банктер үшін таңбашаларды жасаңыз.
Таңбашалар жұмыс үстелінде жасалады.
Таңбашалар тек лицензия мерзімі өтпеген банктер үшін жасалады.