Техникалық қолдау көрсету қызметінің мамандарына пайда болған мәселе туралы хабарлағаннан кейін, олар сізді операциялық жүйе туралы ақпараты бар есепті жасап, оны техникалық қолдау көрсету қызметіне жіберуді сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, техникалық қолдау көрсету қызметінің мамандары сізден трассирлеу файлын жасауды сұрауы мүмкін. Трассирлеу файлы бағдарлама пәрмендерінің орындалуын және бағдарлама жұмысының қай кезеңінде қате пайда болатынын қадамдық түрде бақылауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама жұмысы бойынша сұрақтар пайда болған жағдайда тиімді қолдау алу үшін, техникалық қолдау көрсету қызметінің мамандары сізден диагностика кезінде бағдарлама параметрлерін өзгертуді сұрауы мүмкін. Бұл үшін келесі әрекеттердің орындалуы қажет болуы мүмкін:
Аталған әрекеттерді орындау үшін барлық қажетті ақпарат (қадамдар ретінің сипаттамасы, өзгертпелі параметрлер, конфигурациялық файлдар, скрипттер, пәрмендік жолдың қосымша мүмкіндіктері, дұрыстау модульдері, арнайы утилиталар және т.б.), сондай-ақ, дұрыстау мақсатында жиналатын деректердің құрамы сізге техникалық қолдау қызметінің мамандарымен хабарланады. Жиналған кеңейтілген диагностикалық ақпарат компьютеріңізде сақталады. Жиналған деректердің «Лаборатория Касперского» компаниясына автоматты қайта жіберілуі орындалмайды.
Жинау кезінде диагностикадан өтетін ақпарат шифрланады. Қажет болған кезде шифрлауды өшіруге болады.
Жоғарыда аталған әрекеттер техникалық қолдау көрсету қызметінің мамандары жіберген нұсқауларды ескеру арқылы орындалуы керек. Пайдаланушы нұсқаулығында не техникалық қолдау көрсету қызметі мамандарының ұсыныстарында көрсетілмеген бағдарлама жұмысының параметрлерін қолмен өзгерту операциялық жүйе жұмысының баяулауы мен ақаулығына, компьютер қорғанысы деңгейінің төмендеуіне және өңделетін ақпараттың қолжетімділігі мен бүтіндігінің бүлінуіне себеп болуы мүмкін.
Басына