Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints қорғалған веб-сайттармен жұмыс кезінде деректерді қорғап, бағдарлама-тыңшылармен рұқсатсыз экранды суретке түсіруді блоктайды. Экранды суретке түсіруден қорғау әдепкі бойынша қосылған. Қорғаныс қолмен өшірілсе, оны қосуға болады.
Экранды суретке түсіру қорғанысын қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:
Тапсырмалар тақтасының хабарландырулар аумағында бағдарлама белгішесінің контекстік мәзірінде Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints ашу тармағын таңдаңыз.
Бағдарламаның басты терезесі ашылады.
Бағдарламаның басты терезесінің оң жағында орналасқан Параметрлер сілтемесі арқылы өтіп, Параметрлер терезесін ашыңыз.
Қосымша бөлімін таңдаңыз.
Қосымша қорғаныс параметрлер бөлімінде Қорғалған шолғыш режимінде экранды суретке түсіруді блоктау жалаушасын орнатыңыз.
Жалауша тек 64-разрядтық Windows 8, Windows 8.1 және Windows 10 нұсқаларында көрсетіледі.
64-разрядтық Microsoft Windows 8, Microsoft Windows 8.1 не Microsoft Windows 10 операциялық жүйесінде орнатылған Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints бағдарламасы экранды суретке түсіруден қорғау үшін гипервизор технологиясын пайдаланады.
Бірнеше операциялық жүйенің бір компьютерде жұмысын қамтамасыз ететін бағдарлама.
Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints гипервизоры көмегімен экранды суретке түсіруден қорғау функционалдылығы 64-разрядтық Microsoft Windows 8, Microsoft Windows 8.1 не Microsoft Windows 10 операциялық жүйелерінде келесі шектеулерге ие:
Үшінші тарап бағдарламаның гипервизорын іске қосу кезінде функционалдылық қолжетімсіз, мысалы, VMware™ компаниясының виртуализациялау бағдарламасы. Үшінші тарап бағдарламасының гипервизор жұмысын аяқтау кезінде экранды суретке түсіруден қорғаныс функционалдылығы қайта қолжетімді болады.
Аппараттық визуализация технологиясының орталық процессорына қолдау көрсетілмесе, функционалдылық қолжетімсіз болады. Компьютер процессоры аппараттық визуализация технологиясына қолдау көрсететінін компьютердің техникалық құжаттамасында немесе процессор өндірушісінің веб-сайтында білуге болады.
Қорғалған шолғышты іске қосу кезінде үшінші тарап бағдарламасының белсенді гипервизоры табылса, мысалы, VMware компаниясының бағдарламалары, функционалдылық қолжетімсіз болады.
Гипервизор аппараттық түрде қолданылмаса, функционалдылық қолжетімсіз болады.
Гипервизор BIOS реттеулерімен блокталса, функционалдылық қолжетімсіз болады.