Жұмыс қорғанысы деңгейін жетілдіру, ақпараттық және жарнамалық сипатты үйлесімдірек ұсыныстар құрастыру, БЖ орнату, өшіру және жаңарту механизмдеріне қатысты қателерді мерзімінен бұрын анықтап түзету және пайдаланушылар санын есепке алу мақсатында «Лабораторию Касперского» ұйымына АО «Лаборатория Касперского» (кейінірек «Лаборатория Касперского», құқық иесі) құқық иесіне сізбен орнатылған бағдарламалық жасақтама арқылы төменде көрсетілген ақпаратты автоматты режимде көрсетуге келісесіз:
Компьютерде орнатылған БЖ туралы деректер, оның ішінде компьютердің бірегей идентификаторы, БЖ орнату идентификаторы, орнатылған БЖ толық нұсқасы.
Компьютерде орнатылған операциялық жүйе (ОЖ) туралы ақпарат, оның ішінде ОЖ аты, ОЖ орнатылған жаңартуларының атауы.
Тексерілетін нысан туралы ақпарат, оның ішінде анықтау орын алған URL мекенжайы және IP мекенжайы, файл аты, бақылау сомасы (MD5) және URL сұраған бағдарлама өлшемі, байланыс орнатылған протокол түрі, порт нөмірі, өту орын алған (Referrer) беттің URL мекенжайы, нысанның бақылау сомалары (MD5 және SHA2-256), оның өлшемі, тексерілетін нысанға қол қойылған сертификаттың бақылау сомасы (SHA2-256).
Қолданылатын антивирустық база БЖ туралы ақпарат, оның ішінде база шығарылған күн мен уақыт,, база нұсқасы, жасалу уақыты және тексерілетін нысан туралы шешім шығарылған антивирустық базадағы жазбалардың бақылау сомасы, жазба түрі, тексерілетін нысан күйі туралы соңғы шешімде шығарылған шешімнің «маңызы».
Kaspersky Fraud Prevention Clientless Engine ұйымына жіберілетін немесе веб-бетке енгізілетін деректердің бақылау сомасы.
Банк веб-сайтымен қосылысты тексеру кезінде банк сайтының URL мекенжайы, веб-сайттың IP мекенжайы, қауіпсіздік сертификатының бақылау сомасы, сертификат түрі және сертификат мазмұны.
Инсталятор жинағының БЖ орнату кезінде пайдаланылатын идентификатор, БЖ жергіліктендіру тілінің коды, БЖ жергіліктендіру елінің коды, БЖ дистрибутивін берген серіктес коды.
Лицензия туралы ақпарат, оның ішінде пайдаланылатын лицензия күйі, лицензия түрі, қызмет мерзімі, тапсырыс нөмірі, прайс-лист идентификаторы және құқық иесі жүйесінде лицензия берілген серіктестің толық аты, серіктестің орналасқан елі, берілген лицензия сипаттамасы, лицензия идентификаторы, бағдарламаны белсендіру күні, лицензияның қызмет мерзімі аяқталу күні, пайдаланылатын лицензиялар ретінің идентификаторы, белсендіру қызметімен өзара байланыс протоколының нұсқасы, БЖ жұмыс режимі туралы ақпарат, жазылым бойынша лицензия берілген жағдайда жазылым лицензиясы, лицензияны ағымдағы күйге өткізу себебі және күйді өзгерту себебі, жазылым провайдері жүйесіндегі жазылым қызметінің идентификаторы, жазылым лицензиясы туралы басқа ақпарат (ақпарат мазмұны жазылым лицензиясына байланысты және қажет болған жағдайда деректер мазмұны жазылым провайдерімен нақтылануы қажет), лицензияның «сенімді кезеңде» орналасқаны туралы ақпарат, жазылым лицензиясының мерзімінің аяқталу күні туралы ақпарат беріледі.
Пайдаланушының Facebook желісіндегі құқық иесі бетіне жазылғанын көрсететін идентификатор, веб-порталға БЖ қосылғанын көрсететін идентификатор.
БЖ жаңарту сәттілігі идентификаторы немесе орын алған қате санаты, БЖ жаңарту кезінде орын алған қате коды идентификаторы, пайдаланушының жаңартуды орнату туралы шешімі идентификаторы, компьютерге БЖ орнату түрі идентификаторы, пайдаланылатын БЖ жаңартуы орын алатын БЖ идентификаторы, жаңартылатын БЖ толық нұсқасы және жаңарту орын алатын БЖ толық нұсқасы, БЖ дистрибутивін берген серіктес аты, орнатылатын БЖ түрі, БЖ орнатылған компьютер түрінің идентификаторы.
Компьютерге БЖ орнату және белсендіру күні, БЖ аты және түрі, компьютерге БЖ орнату түрі (алғашқы орнату, жаңарту және т.б.) және орнату сәттілігінің белгісі неесе орнату қатесінің нөмірі, жаңарту орын алатын бағдарлама түрі және идентификаторы, жаңарту тапсырмасы идентификаторы, пайдаланушының KSN және «Дос қорғанысы» жүйесіне қатысу белгісі (оның ішінде БЖ үшін қолжетімді бағдарлама идентификаторы), орнату үшін ұсынылған, пайдаланушымен орнатуға таңдалған және БЖ бірге орнатылған басқа өндірушілердің бағдарламалық жасақтама идентификаторлары.
Интернет желісіне төлем операцияларын жүргізу кезінде пайдаланушы қорғанысы сапасын жетілдіру мақсатында қаржылық веб-сайтқа БЖ реттеу атауы, нұсқасы және параметрі, компьютер пайдаланушысының бірегей идентификаторы, веб-шолғыштың қаржылық веб-сайтына ұсынуға пайдаланылатын БЖ плагині күйі идентификаторы, қауіпсіз немесе қарапайым шолғыш қолданысы идентификаторы туралы ақпаратты автоматты режимде беруге келісесіз.
Берілетін ақпаратта пайдаланушының жеке деректері және басқа құпия ақпараты жоқ және басқаша көрсетілмеген жағдайда құқық иесі БЖ жұмысын қамтамасыз етеді.
Алынған ақпарат заңмен орнатылған талаптарға сәйкес құқық иесімен қорғалады және лицензиялы БЖ жұмысын қамтамасыз етуге талап етіледі.
«Лаборатория Касперского» ұйымы жиналған ақпарат негізінде алынған статистикалық деректерді компьютерлік қауіпсіздік қауіптері ауқымында үрдістерді бақылауға және есептерді жариялауға пайдалана алады.