Қорғалған шолғыш туралы

Банк веб-сайттары мен төлем жүйелерінде (мысалы, банк картасының нөмірлері, интернет-банкинг қызметтеріне қатынасу құпия сөзі) енгізілетін жеке деректерді қорғауға, сондай-ақ, онлайн төлеу кезіндегі төлем қаражатын ұрлауға жол бермеу үшін, Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints осындай веб-сайттарды қорғалған шолғышта ашуды ұсынады.

Қорғалған шолғыш – бұл банк веб-сайттарында және төлем жүйелерінде жұмыс істеген кезде деректерді қорғау үшін пайдаланылатын шолғыштың арнайы жұмыс режимі. Қарапайым шолғышта жұмыс істеген кезде, бағдарлама қосылымды орнатқан кезде қорғалған веб-сайттарға кіруді тексереді, қорғалған шолғышта бағдарлама интернет-банкингпен толық ржұмыс кезінде қосылымды бақылайды. Қорғалған шолғыш оқшауланған ортада іске қосылады, бұл басқа бағдарламаларға қорғалған шолғыш жұмысына қосылуға жол бермейді. Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints орнатылған үшінші тарап кеңейтімдері қорғалған шолғыш жұмысына әсер етпеуі үшін, арнайы Mozilla Firefox және Google Chrome шолғыш профильдерін жасайды. Бағдарлама жасалған профильдерде шолғыштар сақтай алатын деректерге әсер етпейді.

Банкпен орнатылған параметрлерге байланысты интернет-банкинг веб-сайтын қорғалған шолғыш режимінде емес, қарапайым режимде қосылған шолғышта ашуға болады.

Басына