Басқарылатын құрылғыларда сақталған орындалатын файлдардың тізімін алуға болады. Орындалатын файлдарды түгендеу үшін түгендеу тапсырмасын жасау қажет.
Орындалатын файлдарды түгендеу функциясы келесі бағдарламалар үшін қолжетімді:
Бір құрылғыдан алынатын орындалатын файлдар саны 150 000-нан аса алмайды. Осы шектеуге жеткеннен кейін, Kaspersky Security Center жаңа файлдарды алмайды.
Бастамас бұрын, деректерді Басқару серверіне жіберу үшін Kaspersky Endpoint Security саясатында және Желілік агент саясатында бағдарламаларды іске қосу туралы хабарландыруларды қосыңыз.
Бағдарламаларды іске қосу туралы хабарландыруларды қосу үшін:
Клиент құрылғыларында орындалатын файлдарды түгендеу тапсырмасын жасау үшін:
Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады.
Шебер жұмысының нәтижесінде, Kaspersky Endpoint Security үшін түгендеу тапсырмасы жасалады. Жасалған тапсырма Тапсырмалар қалтасының жұмыс аймағындағы тапсырмалар тізімінде көрсетіледі.
Түгендеу нәтижесінде құрылғыларда анықталған орындалатын файлдар тізімі Орындалатын файлдар қалтасының жұмыс аймағында көрсетіледі.
Түгендеу кезінде, бағдарлама MZ, COM, PE, NE, SYS, CMD, BAT, PS1, JS, VBS, REG, MSI, CPL, DLL, JAR пішіміндегі орындалатын файлдарды, сондай-ақ HTML файлдарын анықтайды.