Қорғаныс жүйесінің және басқарылатын құрылғылардың күйі туралы статистикалық ақпарат конфигурацияланатын ақпараттық тақталар түрінде көрсетіледі. Статистикалық ақпарат Статистика қойыншасындағы Басқару сервері торабының жұмыс аймағында көрсетіледі. Бұл қойынша екінші деңгейлі бірнеше қойыншаны да қамтиды (беттер). Әрбір бетте статистикалық ақпараты бар ақпараттық тақталар, сондай-ақ корпоративтік жаңалықтарға және Kaspersky басқа материалдарына сілтемелер көрсетіледі. Статистикалық ақпарат ақпараттық тақталарда дөңгелек немесе бағандық диаграммалар не кестелер түрінде көрсетілген. Ақпараттық тақталардағы деректер бағдарламаның жұмыс істеуі процесінде жаңартылады және қауіпсіздік бағдарламасының ағымдағы күйін көрсетеді.
Статистика қойыншасындағы екінші деңгейлі қойыншалар жинағын, қойыншасы бар әрбір беттегі ақпараттық тақталар жинағын, сондай-ақ ақпараттық тақталарда деректерді көрсету тәсілін де өзгертуге болады.
Статистика қойыншасындағы ақпараттық тақталармен бірге екінші деңгейлі жаңа қойыншаны қосу үшін:
Нәтижесінде, статистика сипаттары терезесі ашылады. Терезеде, қазіргі уақытта Статистика қойыншасында қамтылған қойыншалары бар беттер тізімі келтірілген. Терезеде қойыншадағы беттерді көрсету тәртібін өзгертуге, беттерді қосуға және жоюға, Сипаттар түймесі бойынша беттердің сипаттарын конфигурациялауға өтуге болады.
Жаңа бет сипаттары терезесі ашылады.
Сипаттар түймесі бойынша Ақпараттық тақталар бөлімінде қосылған ақпарат тақталарының сипаттарын реттеуге болады: диаграмма құрылатын тақтадағы диаграмманың атауы, типі және түрі.
Ақпараттық тақталары қамтылған қойыншалары бар қосылған бет Статистика қойыншасында көрсетіледі. Параметрлер () белгішесін басып, бірден бетті және бетте таңдалған ақпараттық тақтаны конфигурациялауға көшуге болады.