Пайдаланушының KES құрылғысын Google Play™ дүкеніне сілтеменің көмегімен басқарылатын құрылғылар тізіміне қосу үшін:
Әдепкі бойынша, Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасы Кеңейтілген қалтасына салынған.
Жаңа ұялы құрылғыны қосу шебері іске қосылды. Сертификат көзі шебері терезесінде, Басқару сервері ұялы құрылғыны идентификациялайтын жалпы сертификатты жасау тәсілін көрсету керек. Сіз жалпы сертификатты келесі екі тәсілдің бірімен белгілей аласыз:
Kaspersky Endpoint Security for Android шебердің жұмысы нәтижесінде, пайдаланушының құрылғысына Google Play дүкенінен жүктеп алу үшін сілтеме және QR коды жіберілетін болады. Пайдаланушы сілтемені пайдалану немесе QR кодын сканерлеу арқылы Google Play-ге өтеді. Содан кейін құрылғының операциялық жүйесі пайдаланушыдан Kaspersky Endpoint Security for Android орнатылымын қабылдауды сұрайды. Kaspersky Endpoint Security for Android қолданбасын жүктеп алып, орнатқаннан кейін, ұялы құрылғы Басқару серверіне қосылып, жалпы сертификатты жүктеп алады. Сертификатты ұялы құрылғыға орнатқаннан кейін, бұл құрылғы консоль шежіресінің Ұялы құрылғыларды басқару қалтасына салынған Ұялы құрылғылар қалтасында көрсетілетін болады.
Kaspersky Endpoint Security for Android қолданбасы құрылғыға әлдеқашан орнатылған болса, пайдаланушы әкімшіден Басқару серверіне қосылу параметрлерін алып, оларды өз бетінше енгізуі керек. Қосылым параметрлерін конфигурациялағаннан кейін, ұялы құрылғы Басқару серверіне қосылады. Әкімші құрылғыға жалпы сертификатты жазып береді және пайдаланушыға сертификатты жүктеп алу үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзі бар электрондық пошта хабарын немесе SMS-хабарды жібереді. Пайдаланушы жалпы сертификатты алып, орнатады. Сертификатты ұялы құрылғыға орнатқаннан кейін, бұл құрылғы консоль шежіресінің Ұялы құрылғыларды басқару қалтасына салынған Ұялы құрылғылар қалтасында көрсетілетін болады. Бұл жағдайда, Kaspersky Endpoint Security for Android қолданбасын қайтадан жүктеп алу және орнату орындалмайды.
Басына оралу