Таңдаулы орнату – орнату үшін құрамдастарды таңдау және бағдарлама орнатылатын қалтаны көрсету ұсынылатын Басқару серверін орнату.
Орнатудың осы түрі көмегімен, сіз дерекқор параметрлерін, Басқару сервері параметрлерін конфигурациялай аласыз, стандартты орнатуға кірмейтін құрамдастарды және Kaspersky қауіпсіздік бағдарламаларын басқару плагиндерін орната аласыз. Сондай-ақ, Ұялы құрылғыларды басқаруды да қоса аласыз.
Жергілікті құрылғыға Kaspersky Security Center Басқару серверін орнату үшін,
орындалатын ksc_<нұсқа нөмірі>.<жинақ нөмірі>_full_<локализация тілі>.exe файлын іске қосыңыз.
Орнату үшін Kaspersky бағдарламалары таңдалатын терезе ашылады. Kaspersky Security Center Басқару серверін орнату сілтемесі бойынша бағдарламалар таңдалатын терезеде Басқару серверін орнату шеберін іске қосыңыз. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.