Саясатты өзгерту. Өзгерістерді шегіндіру
Саясатты өзгерту үшін:
- Консоль ағашында Саясаттар қалтасын таңдаңыз.
- Саясаттар қалтасының жұмыс аймағында саясатты таңдап, мәнмәтіндік мәзірдің көмегімен саясат сипаттары терезесіне өтіңіз.
- Қажетті өзгерістер енгізіңіз.
- Қолдану түймесін басыңыз.
Саясат өзгерістері саясаттың сипаттарында, Тексерістер журналы бөлімінде сақталады.
Қажет болса, саясат өзгерістерін шегіндіре аласыз.
Саясат өзгерістерін шегіндіру үшін:
- Консоль ағашында Саясаттар қалтасын таңдаңыз.
- Өзгерістерін шегіндіру қажет болған саясатты таңдап, мәнмәтіндік мәзірдің көмегімен саясат сипаттары терезесіне өтіңіз.
- Саясат сипаттары терезесінде Тексерістер журналы бөлімін таңдаңыз.
- Саясатты тексеру тізімінде, өзгерістерін шегіндіру қажет болған тексеру нөмірін таңдаңыз.
- Кеңейтілген түймесін басыңыз да, ашылатын тізімнен Шегіндіру мәнін таңдаңыз.
Басына оралу