Kaspersky Security Center, клиент құрылғыларында орнатылған Kaspersky бағдарламаларының лицензиялық шектеулерінен асып кету оқиғалары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Лицензиялық шектеуден асып кету туралы оқиғалардың маңыздылық деңгейі мынадай ережелер бойынша айқындалады:
Бір лицензияның пайдаланылатын лицензиялық бірліктерінің саны осы лицензияның лицензиялық бірліктерінің жалпы санының 90%–100% аралығында болса, Aқпараттық хабарлар маңыздылық деңгейі бар оқиға жарияланады.
Бір лицензияның пайдаланылатын лицензиялық бірліктерінің саны осы лицензияның лицензиялық бірліктерінің жалпы санының 100%–110% аралығында болса, Ескерту маңыздылық деңгейі бар оқиға жарияланады.
Бір лицензияның пайдаланылатын лицензиялық бірліктерінің саны осы лицензияның лицензиялық бірліктерінің жалпы санының 110%-нан асатын болса, Критикалық оқиға маңыздылық деңгейі бар оқиға жарияланады.