Ұялы құрылғыларды басқаруды қосу тек негізгі Басқару серверінде ғана қолжетімді.
Ұялы құрылғыларды басқаруды қосу үшін:
Консоль ағашында Ұялы құрылғыларды басқару қалтасын таңдаңыз.
Қалтаның жұмыс аймағындағы Ұялы құрылғыларды басқаруды қосу түймесі арқылы тапсырманы жасау шеберін іске қосыңыз. Бұл түйме, бұған дейін Ұялы құрылғыларды басқару қоспаған болсаңыз ғана қолжетімді.
Басқару серверін жылдам іске қосу шеберінің Қосымша құрамдастар терезесі көрсетіледі.
Ұялы құрылғыларды басқару үшін Ұялы құрылғыларды басқаруды қосу тармағын таңдаңыз.
Ұялы құрылғыларды басқару мүмкіндігін белсендірмейінше, Ұялы құрылғыларды басқару қолжетімді болмайды.
Интернетке қосылу үшін прокси-серверді пайдаланғыңыз келсе, Прокси-сервердің интернет желісін пайдалану рұқсатын алу параметрлері бетінде Прокси-серверді пайдалану жалаушасын қойыңыз. Жалауша қойылса, параметрлерді енгізу өрістері қолжетімді болады. Прокси-серверге қосылу параметрлерін конфигурациялаңыз.
Плагиндердің және орнату пакеттерінің жаңартуларын тексеру бетінде келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз:
Өзектілігін тексеруді іске қосу. Тексеру плагиндердің немесе орнату пакеттерінің ескірген нұсқаларын қолдануды анықтаса, шебер ескірген нұсқалардың орнына өзекті нұсқаларды жүктеуді ұсынады.
Плагиндер мен орнату пакеттерінің өзектілігін тексермей, жұмысты жалғастыру. Бұл нұсқаны, мысалы, сізде интернетке қатынасу мүмкіндігі болмаса немесе қандай да бір себептермен бағдарламаның ескірген нұсқасын пайдалануды жалғастырғыңыз келсе таңдай аласыз.
Плагиндердің өзектілігін тексеруді өткізіп жіберу бағдарламаның дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Плагиндердің қолжетімді соңғы нұсқалары терезесінде плагиндердің қажетті тілдегі соңғы нұсқаларын жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Плагинді жаңарту үшін лицензия қажет емес.
Плагиндер мен пакеттерді орнатқаннан кейін, бағдарлама ұялы құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық қажетті плагиндердің орнатылғанын тексереді. Плагиндердің ескірген нұсқалары табылса, шебер ескірген нұсқалардың орнына өзекті нұсқаларды жүктеуді ұсынады.