Бұл қадамда бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу басталады және даналар үшін арнайы басқару тобы құрылады. Сауалнама кезінде табылған даналар осы топқа көшіріледі. Бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу кестесі конфигурацияланады (әдепкі бойынша 5 минут сайын).
Сондай-ақ, Бұлтпен синхрондау автоматты түрде жылжыту ережесі жасалады. Бұлтты ортаны әрбір рет сканерлеген сайын, табылған виртуалды құрылғылар Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобының ішіндегі тиісті ішкі топқа көшіріледі.
Бұлттық сегментпен синхрондау бетінде келесі параметрлерді белгілеуге болады:
Параметр қосулы болса, онда Басқарылатын құрылғылар тобында Cloud тобы автоматты түрде жасалып, бұлтты ортада құрылғыларды табу процесі іске қосылады. Бұлтты желіні әрбір рет сканерлеу кезінде табылған даналар мен виртуалды машиналар Cloud тобына көшіріледі. Бұл топтағы басқару ішкі топтарының құрылымы бұлттық сегменттің құрылымына сәйкес келеді (AWS-те қолжетімділік аймақтары мен орналастыру топтары құрылымда көрсетілмеген; Azure-да ішкі желілер құрылымда көрсетілмеген). Бұлтты ортада даналар ретінде анықталмаған құрылғылар Тағайындалмаған құрылғылар тобында болады. Мұндай топ құрылымы антивирустық бағдарламаларды топтық орнату тапсырмалары арқылы даналарға орнатуға және әртүрлі топтар үшін әртүрлі саясаттарды конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Параметр өшірулі болса, онда Cloud тобы да құрылады және бұлтты желідегі құрылғыларды анықтау процесі басталады, алайда топта бұлттық сегментінің құрылымына сәйкес келетін ішкі топтар жасалмайды. Табылған барлық даналар Cloud басқару тобында және бір тізімде көрсетіледі. Kaspersky Security Center-мен жұмыс істеу барысында сізге синхрондау қажет болса, онда сіз Бұлтпен синхрондау ережесінің сипаттарын өзгертіп, оны қолдана аласыз. Ережені қолдану Cloud тобы ішіндегі топтардың құрылымын бұлттық сегментіңіздің құрылымына сәйкес келетіндей етіп қайта реттейді.
Бұл параметр таңдалса, онда шебер қауіпсіздік бағдарламаларын даналарға орнату тапсырмасын жасайды. Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, бұлттық сегменттеріңіздегі құрылғыларда қорғанысты орналастыру шебері автоматты түрде іске қосылады және сіз бұл құрылғыларға Желілік агент пен қауіпсіздік бағдарламаларын орната аласыз.
Kaspersky Security Center өз құралдарының көмегімен орналастыруды орындай алады. Amazon EC2 даналарына немесе Azure виртуалды машиналарына бағдарламаларды орнатуға құқығыңыз болмаса, қашықтан орнату тапсырмасын қолмен конфигурациялауға және қажетті құқықтары бар есептік жазбаны көрсетуге болады. Бұл жағдайда, қашықтан орнату тапсырмасы AWS API немесе Azure арқылы анықталған құрылғылар үшін жұмыс істемейді. Бұл тапсырма тек Active Directory сауалнамасы, Windows домендері немесе IP ауқымдары арқылы анықталған құрылғылар үшін ғана жұмыс істейді.
Бұл параметр таңдалмаса, онда қорғанысты орналастыру шебері іске қосылмайды және қауіпсіздік бағдарламаларын даналарға орнату тапсырмалары жасалмайды. Бұл екі әрекетті де кейінірек қолмен жасауға болады.
Google Cloud-ты тек Kaspersky Security Center құралдарының көмегімен орналастыруға болады. Google Cloud-ты таңдасаңыз, Қорғауды жаю нұсқасы қолжетімді болмайды.