Тапсырма кестесін конфигурациялау терезесінде тапсырманы бастау кестесін құрастыруға болады. Қажет болса, келесі параметрлерді конфигурациялаңыз:
Тапсырма орындалатын кестені таңдап, таңдалған кестені конфигурациялаңыз.
Тапсырма көрсетілген күн мен уақыттан бастап, сағат түрінде белгіленген аралықпен жүйелі түрде орындалады.
Әдепкі бойынша, тапсырма ағымдағы жүйелік күн мен уақыттан бастап 6 сағат сайын іске қосылып тұрады.
Тапсырма, күндер түрінде белгіленген аралықпен жүйелі түрде орындалады. Сондай-ақ, сіз тапсырманы бірінші рет іске қосу күні мен уақытын да көрсете аласыз. Бұл қосымша параметрлерге сіз тапсырма жасап жатқан бағдарлама қолдау көрсетсе, олар қолжетімді болады.
Әдепкі бойынша, тапсырма ағымдағы жүйелік күн мен уақыттан бастап күн сайын іске қосылады.
Тапсырма жүйелі түрде, апта түрінде белгіленген аралықпен, аптаның көрсетілген күнінде және көрсетілген уақытта орындалады.
Әдепкі бойынша, тапсырма дүйсенбі сайын, ағымдағы жүйелік уақытта іске қосылады.
Тапсырма жүйелі түрде, тапсырма жасалған күні көрсетілген уақыттан бастап, минуттар түрінде белгіленген аралықпен орындалады.
Әдепкі бойынша, тапсырма ағымдағы жүйелік уақыттан бастап 30 минут сайын іске қосылады.
Тапсырма, күндер түрінде белгіленген аралықпен жүйелі түрде орындалады. Бұл кесте жазғы уақытты сақтауды қолдамайды. Демек, уақыт жаздың басында немесе соңында бір сағатқа алға немесе артқа ауысқанда, тапсырманың нақты іске қосылу уақыты өзгермейді.
Бұл кестені пайдалану ұсынылмайды. Бұл, Kaspersky Security Center кері үйлесімділігі үшін қажет.
Әдепкі бойынша, тапсырма күн сайын, ағымдағы жүйелік уақытта іске қосылады.
Тапсырма апта сайын, көрсетілген күні және көрсетілген уақытта іске қосылады.
Тапсырма жүйелі түрде, аптаның көрсетілген күндерінде, көрсетілген уақытта орындалады.
Әдепкі бойынша, тапсырма жұма сайын, сағат 18:00:00-де іске қосылады.
Тапсырма жүйелі түрде, айдың көрсетілген күнінде, көрсетілген уақытта орындалады.
Көрсетілген күні жоқ айларда тапсырма соңғы күні орындалады.
Әдепкі бойынша, тапсырма әр айдың бірінші күнінде, ағымдағы жүйелік уақытта орындалады.
Тапсырма автоматты түрде іске қосылмайды. Тапсырманы тек қолмен іске қосуға болады.
Әдепкі бойынша, осы нұсқа таңдалған.
Тапсырма көрсетілген күн мен уақытта тек бір рет орындалады (тапсырманың жасалған күніне сәйкес).
Тапсырма жүйелі түрде, әр айдың көрсетілген күндерінде, көрсетілген уақытта орындалады.
Әдепкі бойынша ай күндері таңдалмаған. Әдепкі бойынша басталу уақыты – 18:00.
Тапсырманы Вирустық шабуыл оқиғасы туындағаннан кейін іске қосуға болады. Вирустық шабуылдарды қадағалайтын бағдарлама түрлерін таңдаңыз. Бағдарламалардың келесі түрлері қолжетімді:
Әдепкі бойынша, бағдарламалардың барлық түрлері таңдалған.
Вирустық шабуыл туралы хабарлайтын қауіпсіздік бағдарламасының түріне байланысты әртүрлі тапсырмаларды іске қосуға болады. Бұл жағдайда, сізге қажет емес бағдарлама түрлерін таңдауды алып тастаңыз.
Ағымдағы тапсырма басқа тапсырма аяқталғаннан кейін іске қосылады. Ағымдағы тапсырманы іске қосу үшін алдыңғы тапсырманың қалай аяқталатынын таңдауға болады (сәтті немесе қатемен). Мысалы, Құрылғыларды басқару тапсырмасын Құрылғыны қосу параметрінің көмегімен іске қоса аласыз және ол аяқталғаннан кейін Вирустарды сканерлеу тапсырмасын орындай аласыз. Екі тапсырма да бір құрылғы арқылы тағайындалса ғана, осы параметр жұмыс істейді.
Бұл параметр, тапсырма басталғалы тұрған кезде клиент құрылғысы желіде көрсетілмесе, тапсырманың жүріс-тұрысын анықтайды.
Параметр қосулы болса, клиент құрылғысында Kaspersky бағдарламасын кезекті рет іске қосу кезінде тапсырманы іске қосу әрекеті жасалады. Тапсырманың кестесінде Қолмен, Бір рет немесе Дереу іске қосу көрсетілсе, онда тапсырма желіде құрылғы көзге көрінетін болғаннан кейін немесе құрылғы тапсырманың әрекет ету ауқымына қосылғаннан кейін бірден іске қосылады.
Егер параметр өшірулі болса, клиент құрылғыларында тапсырманы іске қосу тек кесте бойынша орындалатын болады. Қолмен, Бір рет және Дереу кестесі үшін тапсырмалар желіде көрінетін клиенттік құрылғыларда ғана орындалады. Мысалы, сіз бұл параметрді тек жұмыс уақытынан тыс уақытта іске қосқыңыз келетін ресурстарды қажетсінетін тапсырма үшін өшіре аласыз.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Параметр қосулы болса, тапсырма клиент құрылғыларында белгілі бір уақыт аралығында кездейсоқ іске қосылады, яғни тапсырманың таратылған іске қосылуы орын алады. Тапсырманың таратылған іске қосылуы, тапсырманы кесте бойынша іске қосу кезінде көптеген клиент құрылғыларының Басқару серверіне бір уақытта жүгінуіне жол бермейді.
Таратылған іске қосылу кезеңі, тапсырма тағайындалған клиент құрылғыларының санына байланысты тапсырманы жасау кезінде автоматты түрде есептеледі. Кейінірек, тапсырма әрқашан есептелген іске қосу уақытында іске қосылады. Алайда, тапсырма параметрлеріне түзетулер енгізілгенде немесе тапсырма қолмен іске қосылғанда, тапсырманы іске қосу уақытының есептелген мәні өзгереді.
Егер параметр өшірулі болса, клиент құрылғыларында тапсырманы іске қосу кесте бойынша орындалады.
Параметр қосулы болса, тапсырма клиент құрылғыларында белгілі бір уақыт аралығында кездейсоқ іске қосылады. Тапсырманың таратылған іске қосылуы, тапсырманы кесте бойынша іске қосу кезінде көптеген клиент құрылғыларының Басқару серверіне бір уақытта жүгінуіне жол бермейді.
Егер параметр өшірулі болса, клиент құрылғыларында тапсырманы іске қосу кесте бойынша орындалады.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі. Әдепкі бойынша, уақыт аралығы бір минутқа тең.
Сондай-ақ, қараңыз: |