iOS MDM ұялы құрылғысында роуминг параметрлерін конфигурациялау
Барлығын жаю | Барлығын жию
Роуминг параметрлерін теңшеу үшін:
- Консоль ағашында Ұялы құрылғыларды басқару қалтасын ашыңыз.
- Ұялы құрылғыларды басқару қалтасында Ұялы құрылғылар ішкі қалтасын таңдаңыз.
Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.
- Роумингті конфигурациялау үшін пайдаланушының iOS MDM құрылғысын таңдаңыз.
Роумингті бір уақытта конфигурациялау үшін бірнеше ұялы құрылғыларды таңдауға болады.
- Ұялы құрылғының контекстік мәзірінде Пәрмендер журналын көрсету тармағын таңдаңыз.
- Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесінде Роуминг параметрлерін теңшеу бөліміне өтіп, Пәрмен жіберу түймесін басыңыз.
Сондай-ақ, сіз құрылғының контекстік мәзірінен Барлық пәрмендер → Роуминг параметрлерін теңшеу тармағын таңдап, ұялы құрылғыға пәрмен жібере аласыз.
- Роуминг параметрлері терезесінде өзіңізге қажетті параметрлерді көрсетіңіз:
- Деректер роумингін қосу
Егер параметр қосулы болса, iOS MDM ұялы құрылғысында роуминг қосулы. iOS MDM құрылғылары пайдаланушысы роумингте интернетті қолдана алады.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Роуминг параметрлері таңдалған құрылғылар үшін конфигурацияланған.
Басына оралу