Есеп үлгісінің негізгі сипаттарын, мысалы, есеп үлгісінің атауын немесе есепте көрсетілетін өрістерді қарауға және өзгертуге болады.
Есеп үлгісінің сипаттарын қарау және өзгерту үшін:
Балама ретінде, алдымен есепті құрастырып, кейін Есеп үлгісінің сипаттарын ашу немесе Есеп бағандарын конфигурациялау түймесін басуға болады.
Есепте көрсетілетін өрістерді және осы өрістердің ретін таңдап, есептегі ақпарат өрістердің әрқайсысы бойынша сұрыпталуы және сүзілуі қажеттігін конфигурациялаңыз.
Есеп мерзімін өзгертіңіз. Қолжетімді мәндері:
Есеп жасалатын клиент құрылғылары жиынтығын өзгертіңіз. Үлгіні жасау кезінде көрсетілген параметрлерге байланысты, осы бөлімдердің біреуі ғана болуы мүмкін.
Есеп параметрлерін өзгертіңіз. Параметрлер жиынтығы нақты есепке байланысты.
Қауіпсіздік бөлімі, интерфейс параметрлері терезесінде Қауіпсіздік параметрлері бар тарауларды көрсету жалаушасы қойылса қолжетімді болады.