Басқару серверінің интернетке қатынасу параметрлерін көрсетіңіз. Kaspersky Security Network пайдалану, сондай-ақ Kaspersky Security Center және Kaspersky басқарылатын бағдарламалары үшін антивирустық дерекқорлар жаңартуларын жүктеу үшін интернетке қатынасуды конфигурациялау қажет.
Интернетке қосу үшін прокси-серверді қолдану керек болса, Прокси-серверді пайдалану параметрін қосыңыз. Параметр қосулы болса, параметрлерді енгізу өрістері қолжетімді болады. Прокси-серверге қосылудың келесі параметрлерін конфигурациялаңыз:
Прокси-серверге қосылуға мүмкіндік беретін пайдаланушы құпиясөзі (Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама жалаушасы қойылған болса, өріс қолжетімді болады).
Енгізілген құпиясөзді қарау үшін, Көрсету түймесін басып, оны қажетті уақыт бойы ұстап тұрыңыз.
Интернетке қатынасуды, бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін іске қоспай-ақ, кейінірек конфигурациялай аласыз.