Есеп үлгілерін жою
Есеп үлгілерін жою үшін:
- Бағдарламаның негізгі терезесінде Бақылау және есеп беру → Есептер бөліміне өтіңіз.
- Жойғыңыз келетін есеп үлгілеріне қарсы жалаушаларды қойыңыз.
- Жою түймесін басыңыз.
- Пайда болған терезеде таңдауыңызды растау үшін OK түймесін басыңыз.
Таңдалған есеп үлгілері жойылады. Егер бұл есеп үлгілері есептерді жіберу тапсырмаларына енгізілген болса, олар да осы тапсырмалардан жойылады.
Басына оралу