Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасы Windows Update қызметі ұсынатын бағдарламалық жасақтама жаңартуларын басқарылатын құрылғыларға орнатуға мүмкіндік береді.
Осалдықтар мен патчтарды басқаруға арналған лицензияңыз болмаса, сіз Windows Update жаңартуларын орнату түріндегі тапсырмаларды жасай аласыз. Жаңа жаңартуларды орнату үшін, оларды қолданыстағы Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасына қоса аласыз. Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасы орнына Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасын қолдану ұсынылады. Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасы автоматты түрде бірнеше жаңартуды орнатуға және белгіленген ережелерге сәйкес бірнеше осалдықты түзетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл тапсырма үшінші тарап бағдарламалары, яғни Microsoft емес өндіріс бағдарламалары үшін жаңартуларды орнатуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушының араласуы үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту кезінде немесе басқарылатын құрылғыдағы үшінші тарап бағдарламаларында осалдықтарды түзету кезінде қажет болуы мүмкін. Мысалы, пайдаланушыдан үшінші тарап бағдарламасын жабу сұралуы мүмкін.
Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасын жасау үшін:
Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Тапсырмалар бөліміне өтіңіз.
Қосу түймесін басыңыз.
Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.
Kaspersky Security Center бағдарламасы үшін Windows Update жаңартуларын орнату тапсырма түрін таңдаңыз.
Жасап жатқан тапсырманың атын көрсетіңіз.
Тапсырма атауы 100 таңбадан асуы және арнайы таңбаларды ("*<>?\:|) қамтуы мүмкін емес.
Тапсырмалар тағайындалатын құрылғыларды таңдаңыз.
Қосу түймесін басыңыз.
Жаңартулар тізімі ашылады.
Орнатқыңыз келетін Windows Update жаңартуларын таңдаңыз және OK түймесін басыңыз.
Операциялық жүйені қайта іске қосу параметрлерін көрсетіңіз:
Операция аяқталғаннан кейін, клиент құрылғылары автоматты түрде қайта жүктелмейді. Операцияны аяқтау үшін құрылғыны қайта қосу қажет (мысалы, қолмен немесе құрылғыны басқару тапсырмасы арқылы). Қайта жүктеу қажеттілігі туралы ақпарат тапсырманы орындау нәтижелерінде және құрылғы күйінде сақталады. Бұл нұсқа, үздіксіз жұмыс өте маңызды болып саналатын серверлердегі және басқа құрылғылардағы тапсырмалар үшін жарамды.
Бұл жағдайда, операцияны аяқтау үшін қайта жүктеу қажет болса, қайта жүктеу әрқашан автоматты түрде орындалады. Бұл нұсқа, мезгіл-мезгіл үзілістерге (өшіру, қайта жүктеу) рұқсат етілген құрылғылардағы тапсырмалар үшін жарамды.
Клиент құрылғысының экранында құрылғыны қолмен қайта жүктеу керек деген хабар пайда болады. Бұл нұсқа үшін қосымша параметрлерді конфигурациялауға болады: пайдаланушыға арналған хабар мәтіні, хабардың жиілігі, сондай-ақ қайта жүктеу мәжбүрлі түрде орындалатын уақыт (пайдаланушының растауынсыз). Бұл нұсқа жұмыс станциялары үшін оңтайлы болып табылады, сондықтан пайдаланушылар қайта жүктеудің ең қолайлы уақытын таңдай алады.
Іске қосылған бағдарламалар клиент құрылғысын қайта жүктеуге мүмкіндік бермеуі мүмкін. Мысалы, егер мәтіндік редакторда құжатпен жұмыс жасалса және өзгертулер сақталмаса, бағдарлама құрылғыны қайта жүктеуге мүмкіндік бермейді.
Егер бұл параметр қосулы болса, құрылғыны қайта іске қоспас бұрын бұғатталған құрылғылардағы мұндай бағдарламалар мәжбүрлі түрде жабылады. Нәтижесінде, пайдаланушылар сақталмаған жұмысын жоғалтуы мүмкін.
Егер бұл параметр өшірулі болса, бұғатталған құрылғы қайта жүктелмейді. Бұл құрылғыдағы тапсырманың күйі құрылғыны қайта іске қосу қажеттілігін көрсетеді. Пайдаланушылар бұғатталған құрылғыларда жұмыс істейтін барлық бағдарламаларды қолмен жауып, сол құрылғыларды қайта іске қосуы керек.
Есептік жазба және Құпиясөз өрістерінде тапсырма іске қосылуы тиісті есептік жазба деректерін көрсетіңіз. Есептік жазбада тапсырманы орындау үшін қажетті құқықтар болуы керек.
Тапсырманы іске қосатын есептік жазбаның құпиясөзі.
Жасап болған соң, тапсырма туралы мәліметтерді ашу бетінде Тапсырманы жасауды аяқтау параметрін қоссаңыз, әдепкі бойынша белгіленген тапсырма параметрлері мәндерін өзгерте аласыз. Егер сіз бұл параметрді қоспасаңыз, тапсырма әдепкі бойынша белгіленген параметр мәндерімен жасалады. Әдепкі бойынша параметр мәндерін кейінірек кез келген уақытта өзгертуге болады.
Аяқтау түймесін басыңыз.
Тапсырма жасалып, тапсырмалар тізімінде көрсетіледі.
Тапсырма сипаттары терезесін ашу үшін жасалған тапсырманың атын басыңыз.