Қашықтан диагностикалау терезесін ашу
Клиент құрылғысын қашықтан диагностикалау үшін алдымен қашықтан диагностикалау терезесін ашу керек.
Қашықтан диагностикалау терезесін ашу үшін:
- Қашықтан диагностикалау терезесін ашқыңыз келетін құрылғыны таңдау үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
- Құрылғы басқару тобына тиесілі болса, басты мәзірде Құрылғылар → Басқарылатын құрылғылар бөліміне өтіңіз.
- Құрылғы тағайындалмаған құрылғылар тобына жататын болса, басты мәзірде Табу және орналастыру → Тағайындалмаған құрылғылар бөліміне өтіңіз.
- Қажетті құрылғының атауын басыңыз.
- Ашылған құрылғы сипаттары терезесінде Кеңейтілген қойыншасын таңдаңыз.
- Пайда болған терезеде Қашықтан диагностикалау түймесін басыңыз.
Нәтижесінде, клиент құрылғысының Қашықтан диагностикалау терезесі ашылады.
Басына оралу