Қосылым үшін атауын енгізіңіз. Атауы 256 таңбадан аспауы керек. Тек қана Юникод таңбалары рұқсат етіледі.
Бұл атау бұлтты құрылғылар үшін басқару тобының атауы ретінде де қолданылады.
Бірнеше бұлтты ортамен жұмыс істеуді жоспарласаңыз, бәлкім "Azure сегменті", "AWS сегменті" немесе "Google сегменті" сияқты қосылым атауына орта атауын қосқыңыз келуі мүмкін.
Сіз көрсеткен бұлтты ортада түпнұсқалық растама алу үшін есептік деректеріңізді енгізіңіз.
Егер сіз AWS таңдаған болсаңыз, келесі параметрлерді көрсетіңіз:
Құпия кілттің таңбалары жұлдызшалар түрінде көрсетіледі. Құпия кілтті теруді бастағаннан кейін Көрсету түймесі көрсетіледі. Осы түймені басып, енгізілген таңбаларды қарап шығу үшін өзіңізге қажет уақыт бойы ұстап тұрыңыз.
Авторизациядан өту үшін IAM рөлін емес, AWS IAM қатынас кілтін таңдасаңыз, өріс қолжетімді болады.
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
Егер сіз Azure таңдаған болсаңыз, келесі параметрлерді көрсетіңіз:
Сіз Azure порталында осы бағдарлама идентификаторын жасадыңыз.
Сауалнама жүргізу және басқа мақсаттар үшін Azure порталында тек бір бағдарлама идентификаторын ғана көрсете аласыз. Azure басқа сегментіне сауалнама жүргізу қажет болса, алдымен Azure қолданыстағы қосылымында бірінші сегментті жоюыңыз қажет.
Құпиясөз таңбалары жұлдызшалар түрінде көрсетіледі. Құпиясөзді енгізе бастағаннан кейін, Көрсету түймесі көрсетіледі. Енгізілген таңбаларды қарап шығу үшін осы түймені басып тұрыңыз.
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
Жеке кілт – бұл жобаны Google Cloud-қа тіркеу кезінде жеке кілт ретінде алынған таңбалар бірізділігі. Қателерді болдырмау үшін осы бірізділікті көшіруге және қоюға болады.
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
Жаңа бұлттық сегментте бірінші сауалнама өткізгеннен кейін, Басқарылатын құрылғылар\Cloud басқару тобында осы сегментке сай келетін ішкі топ пайда болады.
Дұрыс емес есептік деректерді көрсеткен болсаңыз, онда бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу кезінде даналар табылмайды, ал жаңа ішкі топ басқару Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобында көрсетілмейді.