Үшінші тарап бағдарламасының орнату пакетінің параметрлері келесі қойындыларда топтастырылған:
Төменде берілген параметрлердің бір бөлігі ғана көрсетіледі. Осылайша Сүзгі түймесін басып, тізімнен тиісті баған атауларын таңдау арқылы қажетті бағандарды қоса аласыз.
Жалпы қойыншасы:
Қолмен өзгертуге болатын орнату пакетінің атауын қамтитын енгізу өрісі.
Егер жалауша қойылса, жаңартуды орнатпас бұрын, бағдарлама автоматты түрде осы жаңартуды орнатуға қажетті барлық жалпыжүйелік құрамдастарды (алғышарттар) орнатады. Мысалы, мұндай алғышарттар операциялық жүйенің жаңартулары болуы мүмкін.
Егер бұл параметр өшірулі болса, алғышарттарды қолмен орнату керек.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Жаңарту сипаттарын көрсететін және келесі бағандарды қамтитын кесте:
Microsoft жаңартулары үшін көрсетілетін Windows Server Жаңарту қызметтері (WSUS) санаттары (Критикалық жаңартулары, Анықтамалық жаңартулар, Драйверлер, Қосымша құрамдастардың пакеттері, Қауіпсіздік жаңартулары, Қызметтік пакеттер, Құралдар, Жинақтаушы жаңарту пакеттері, Жаңартулар немесе Алдыңғы нұсқалардың жаңартулары).
Орнатылмаған күйі жаңартылғаны/жаңартылмағаны көрсетіледі.
Орнату кезінде пәрмен жолының параметрлері ретінде пайдаланылатын орнату пакетінің параметрлерін, олардың аттарын, сипаттамаларын және мәндерін көрсететін Параметрлер қойындысы. Егер пакетте мұндай параметрлер болмаса, тиісті хабар көрсетіледі. Осы параметрлердің мәндерін өзгертуге болады.
Орнату пакетінің нұсқаларын көрсететін және келесі бағандарды қамтитын Тексерістер журналы қойындысы:
Тексеру – орнату пакетінің тексерісінің нөмірі.
Уақыт – орнату пакетінің параметрлерін өзгерту күні мен уақыты.
Әдепкі бойынша, тексеру сипаттамасы толтырылмаған. Тексеру сипаттамасын қосу үшін қажетті тексеруді таңдап, Сипаттаманы өңдеу түймесін басыңыз. Ашылған терезеде тексеру сипаттамасы мәтінін енгізіңіз.