Басқару сервері қызмет ретінде іске қосылатын есептік жазбаны таңдаңыз.
Ортақ қатынасы бар қалтаны және ДҚБЖ жүйесін Басқару серверімен бір құрылғыға орналастыруды жоспарласаңыз, осы нұсқаны таңдай аласыз.
Мысалы, кез келген шығарылымдағы SQL серверін, соның ішінде басқа құрылғыда орналасқан SQL-express серверін ДҚБЖ ретінде пайдалануды жоспарласаңыз және/немесе ортақ қатынасы бар қалтаны басқа құрылғыда орналастыруды жоспарласаңыз, домендік есептік жазбаны таңдауыңыз қажет болады.
Kaspersky Security Center бағдарламасы қызметтің басқарылатын есептік жазбаларын (MSA) және қызметтің топтық басқарылатын есептік жазбаларын (gMSA) қолдайды. Доменіңізде осындай есептік жазбалар қолданылса, олардың біреуін Басқару сервері қызметі үшін есептік жазба ретінде таңдай аласыз.
MSA немесе gMSA таңдамас бұрын, есептік жазбаны Басқару серверін орнатқыңыз келетін құрылғыға орнатуыңыз керек. Есептік жазба әлі орнатылмаған болса, Басқару серверін орнатуды болдырмасаңыз, есептік жазбаны орнатыңыз және Басқару серверін орнатуды қайта іске қосыңыз. Жергілікті құрылғыда қызметтердің басқарылатын есептік жазбаларын орнату туралы қосымша ақпаратты Microsoft ресми құжаттамасынан қараңыз.
MSA немесе gMSA көрсету үшін:
Сіз таңдаған есептік жазба, қандай ДҚБЖ жүйесін қолдануды жоспарлап жатқаныңызға байланысты әртүрлі құқықтарға ие болуы тиіс.
Қауіпсіздік мақсатында, Басқару сервері іске қосылатын есептік жазбаға артықшылық бермеңіз.
Алдағыда Басқару сервері есептік жазбасын өзгерткіңіз келсе, Басқару сервері есептік жазбасын ауыстыру утилитасын (klsrvswch) пайдалана аласыз. klsrvswch утилитасын Басқару серверін орнату үшін пайдаланылған әкімші құқықтары бар есептік жазба арқылы Басқару сервері құрылғысында іске қосу керек екенін ескеріңіз.
Басына оралу