Орнату пакеттері үшін KSN прокси-сервері мекенжайын анықтау
Басқару серверінің мекенжайы немесе домені өзгерген жағдайда, сіз орнату пакеті үшін KSN прокси-серверінің мекенжайын көрсете аласыз.
Орнату пакетіне арналған KSN прокси-сервері мекенжайын анықтау үшін:
- Қашықтан орнату қалтасындағы консоль ағашында тінтуірді екі рет нұқып, Орнату пакеттері салынған қалтасын басыңыз.
- Пайда болған терезеде Сипаттар түймесін басыңыз.
- Ашылған сипаттар терезесінде Жалпы бөлікшесін таңдаңыз.
- Сипаттар терезесінің Жалпы бөлікшесінде KSN прокси-сервері мекенжайын енгізіңіз.
Орнату пакеттері осы мекенжайы әдепкі бойынша қолданатын болады.
Басына оралу