Есептік деректер және қатынасу диспетчері (бұдан әрі IAM деп те аталады) – бұл Kaspersky Security Center Web Console веб-консолі мен Kaspersky Industrial CyberSecurity for Networks веб-интерфейсі арасында бірыңғай кіруді (Single Sign-on, SSO) қолдануға мүмкіндік беретін Kaspersky Security Center Web Console құрамдасы. IAM құрамдасы Kaspersky Industrial CyberSecurity for Networks веб-интерфейсін Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде авторизациялану үшін OAuth 2.0 протоколын қолданады.
Бұл жағдайда, Kaspersky Security Center Web Console арқылы қатынасуға болатын Kaspersky Industrial CyberSecurity for Networks бағдарламасы ресурстар сервері деп, ал Kaspersky Security Center Web Console және Kaspersky Industrial CyberSecurity for Networks веб-интерфейсі – OAuth 2.0 клиенттері деп аталады. Ресурстар сервері – бірнеше пайдаланушымен жұмыс істейтін және авторизацияны талап ететін бағдарлама. Клиент ресурстар серверінде авторизациядан өту үшін токен ді қолданады. Токен – байттардың бірегей тізбегі. Токеннің жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін, ол автоматты түрде қайта шығарылады. IAM құрамдасы OAuth 2.0 бірнеше клиенттері үшін бірыңғай авторизация сервері ретінде әрекет етеді.
Kaspersky Security Center Web Console орнату кезінде IAM орнатуға болады. Оны кейінірек Kaspersky Security Center Web Console параметрлерінде кез келген уақытта қосуға болады. Егер Kaspersky Industrial CyberSecurity сервері немесе Kaspersky Industrial CyberSecurity веб-интерфейсі сол Басқару сервері басқаратын құрылғыға орнатылса, IAM бұл бағдарламаны анықтайды және Kaspersky Security Center Web Console сервері бұл туралы хабарландыруды көрсетеді. Сіз Kaspersky Industrial CyberSecurity for Networks тіркей аласыз, содан соң SSO бірыңғай кіруін Kaspersky Security Center Web Console үшін де, Kaspersky Industrial CyberSecurity for Networks веб-интерфейсі үшін де қолдана аласыз.
Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінен шықсаңыз, Kaspersky Industrial CyberSecurity for Networks веб-интерфейсіндегі сеансыңыз аяқталады және сізге Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне қайта кіруге тура келеді.