Бағдарламаның лицензиялық кілттері туралы ақпаратты қарап шығу
Лицензиялық кілттердің қайсысы Kaspersky бағдарламасын қолданатынын анықтау үшін:
- Kaspersky Security Center консолі шежіресінде Басқарылатын құрылғылар түйінін таңдап, Құрылғылар қойыншасына өтіңіз.
- Тінтуірдің оң жақ түймесімен қажетті құрылғының мәтінмәндік мәзірін ашып, Сипаттар тармағын таңдаңыз.
- Ашылған құрылғының сипаттар терезесінде Бағдарламалар бөлімін таңдаңыз.
- Пайда болған бағдарламалар тізімінен лицензиялық кілттерін көргіңіз келетін бағдарламаны таңдап, Сипаттар түймесін басыңыз.
- Ашылған Басқару сервері сипаттары терезесінде Лицензиялық кілттер бөлімін таңдаңыз.
Ақпарат осы бөлімнің жұмыс аймағында көрсетіледі.
Басына оралу