Басқару сервері сертификатын klsetsrvcert пәрмен жолының утилитасымен ауыстырғаннан кейін, байланыс үзілгендіктен Желілік агенттер мен Басқару сервері арасында SSL қосылымын орнату керек.
Жаңа Басқару сервер сертификатын көрсету және қосылымды қалпына келтіру үшін:
Пәрмен жолында келесі пәрменді орындаңыз:
klmover [-address <сервер мекенжайы>] [-pn <порт нөмірі>] [-ps <SSL портының нөмірі>] [-nossl] [-cert <сертификат файлына апаратын жол>]
Утилитаны іске қосу үшін әкімші құқықтары қажет.
Бұл утилита Желілік агентті клиент құрылғысына орнатқан кезде Желілік агенттің орнату қалтасына автоматты түрде көшіріледі.
Егер Желілік агент саясаты параметрлерінде Жою құпиясөзін пайдалану параметрі қосулы болса және Желілік агенттің 15 нұсқасы пайдаланылса, онда klmover утилитасы тиісті құпиясөзді қажет етеді. Желілік агент орнату қалтасында орналасқан klcsngtgui утилитасын пайдаланып, Желілік агент нұсқасын тексеруге болады.
klmover утилитасының параметрлерінің сипаттамасы төмендегі кестеде келтірілген.
klmover утилитасының параметрлерінің мәндері
Параметр |
Мән |
---|---|
|
Қосылу үшін Басқару сервері мекенжайы. Мекенжай ретінде IP мекенжайын, NetBIOS- немесе DNS атауын көрсетуге болады. |
|
Басқару серверіне шифрланбаған қосылу орындалатын порт нөмірі. Әдепкі бойынша 14000-порт орнатылған. |
|
SSL протоколын қолдана отырып, Басқару серверіне шифрланған қосылу жүзеге асырылатын SSL порты нөмірі. Әдепкі бойынша 13000-порт орнатылған. |
|
Басқару серверіне шифрланбаған қосылымды пайдалану. Егер кілт пайдаланылмаса, Желілік агент Серверге қорғалған SSL протоколы арқылы қосылады. |
|
Басқару серверіне қатынасудың түпнұсқалық растамасын жасау үшін көрсетілген сертификат файлын пайдалану. |
|
Виртуалды Басқару серверінің атауы. |
|
Желілік агенттің дискісін клондау режимі. Дискіні клондау режимін конфигурациялау үшін келесі параметрлердің бірін пайдаланыңыз:
|
Мысалы, Желілік агентті Басқару серверіне қосу үшін келесі пәрменді орындаңыз:
klmover -address kscserver.mycompany.com -logfile klmover.log