Желілік агент профилін Басқару серверіне қосу тек Windows және macOS операциялық жүйесі басқаратын құрылғылар үшін ғана қолжетімді.
Желілік агентті автономды пайдаланушыларға арналған Басқару серверіне қосу профилін жасау үшін:
Егер сіз басқарылатын құрылғылар тобы үшін қосылым профилін жасағыңыз келсе, сол топтың Желілік агентінің саясатын ашыңыз. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Саясат және профильдер бөліміне өтіңіз.
Сілтеме арқылы ағымдағы жолға өтіңіз.
Ашылған терезеде қажетті басқару тобын таңдаңыз.
Осыдан кейін, ағымдағы жол өзгереді.
Басқарылатын құрылғылар тобы үшін Желілік агент саясатын қосыңыз. Егер сіз оны әлдеқашан жасаған болсаңыз, саясат сипаттарын ашу үшін Желілік агент саясатының атауын басыңыз.
Егер сіз белгілі бір басқарылатын құрылғы үшін қосылым профилін жасағыңыз келсе, келесі әрекеттерді орындаңыз:
Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Басқарылатын құрылғылар бөліміне өтіңіз.
Қажетті басқарылатын құрылғының атауын басыңыз.
Ашылған басқарылатын құрылғы сипаттары терезесінде Бағдарламалар қойыншасына өтіңіз.
Тек таңдалған басқарылатын құрылғы қолданылатын Желілік агент саясатының атауын басыңыз.
Ашылған сипаттар терезесінде Бағдарлама параметрлері → Қосылым мүмкіндігі→ Байланыс профильдері бөліміне өтіңіз.
Басқару серверіне қосылу профильдері бөлімінде Қосу түймесін басыңыз.
Әдепкі бойынша, қосылым профильдері тізімі <Офлайн-режим> және <Үйдегі Басқару сервері> профильдерін қамтиды. Профильдер өзгерту және жою үшін қолжетімді емес.
<Офлайн-режим> профилінде қосылуға арналған Сервер көрсетілмейді. Осы профильге өту кезінде, Желілік агент қандай да бір Серверге қосылуға тырыспайды, ал клиент құрылғыларында орнатылған бағдарламалар болса автономды пайдаланушыларға арналған саясаттарды қолданады. <Офлайн-режим> профилі құрылғыны желіден ажырату шарттарында қолданылады.
<Үйдегі Басқару сервері> профилінде, Желілік агентті орнату кезінде белгіленген қосылуға арналған Сервер көрсетілген. <Үйдегі Басқару сервері> профилі, басқа желіде жұмыс істеген құрылғы қайтадан үйдегі Басқару серверіне қосылатын шарттарда қолданылады.
Ашылған Профильді конфигурациялау терезесінде қосылым профилінің параметрлерін конфигурациялаңыз:
Бұл параметр қосулы болса, қосылым қорғалған порт арқылы орындалатын болады (SSL протоколының көмегімен).
Әдепкі бойынша, параметр қосулы. Сіздің қосылымыңыз қауіпсіз болып қала беруі үшін, бұл параметрді өшірмеу ұсынылады.
Интернетке қосу үшін прокси-серверді қолдану керек болса, Прокси-серверді пайдалану параметрін таңдаңыз. Параметр таңдалған болса, параметрлерді енгізу өрістері қолжетімді болады. Прокси-серверге қосылудың келесі параметрлерін конфигурациялаңыз:
Прокси-серверге қосылуға мүмкіндік беретін пайдаланушы құпиясөзі (Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама жалаушасы қойылған болса, өріс қолжетімді болады).
Енгізілген құпиясөзді қарау үшін, Көрсету түймесін басып, оны қажетті уақыт бойы ұстап тұрыңыз.
Қосылу кезінде клиент құрылғысында орнатылған бағдарламалар автономды режимдегі құрылғыларға арналған саясаттардың профильдерін және Басқару сервері қолжетімді болмаса, автономды пайдаланушыларға арналған саясаттардың профильдерін қолдануы үшін осы жалаушаны қойыңыз. Бағдарлама үшін автономды пайдаланушыларға арналған саясат анықталмаған болса, бағдарлама белсенді саясатты қолданатын болады.
Параметр өшірулі болса, бағдарламалар белсенді саясаттарды қолданатын болады.
Бұл параметр қосулы болса, профиль клиент құрылғысында орнатылған бағдарламалар жаңартуларды жүктеп алған кезде ғана қолданылатын болады. Қалған операциялар үшін Басқару серверіне қосылу Желілік агентті орнату кезінде белгіленген бастапқы қосылу параметрлерімен орындалатын болады.
Бұл параметр қосулы болса, Желілік агент профильдің сипаттарында көрсетілген параметрлерді қолдана отырып, Басқару серверіне қосылады.
Бұл параметр өшірулі болса, Желілік агент орнату кезінде көрсетілген бастапқы параметрлерді қолдана отырып, Серверге қосылады.
Тек жаңартуларды алу үшін пайдалану параметрі таңдалса, бұл параметр қолжетімді.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Нәтижесінде, Желілік агентті автономды пайдаланушыларға арналған Басқару серверіне қосу профилі жасалады. Желілік агентті осы профиль арқылы Серверге қосқан кезде, клиент құрылғысында орнатылған бағдарламалар автономды режимдегі құрылғыларға арналған саясаттарды немесе автономды пайдаланушыларға арналған саясаттарды қолданатын болады.