Kaspersky Security Center 14.2 бағдарламасы PostgreSQL және Postgres Pro ДҚБЖ қолдайды. Егер сіз осы ДҚБЖ-нің біреуін қолдансаңыз, ДҚБЖ жүйесі мен Kaspersky Security Center бағдарламасының жұмысын оңтайландыру үшін ДҚБЖ серверінің параметрлерін конфигурациялау мүмкіндігін қарастырыңыз.
Конфигурация файлының әдепкі жолы: C:\Program Files\PostgreSQL\<
НҰСҚА
>\data\postgresql.conf
PostgreSQL және Postgres Pro үшін ұсынылатын параметрлер:
shared_buffers =
ДҚБЖ орнатылған құрылғының жедел жады көлемінің 25 пайызы
Егер жедел жад 1 ГБ-тан аз болса, онда әдепкі бойынша мәнді қалдырыңыз.
max_stack_depth =
2MB
temp_buffers =
24MB
work_mem =
16MB
max_connections =
151
max_parallel_workers_per_gather =
0
maintenance_work_mem =
128MB
standard_conforming_strings
әдепкі бойынша on
күйіне орнатылғанына көз жеткізіңіз. Конфигурацияны қолданыңыз немесе postgresql.conf файлын жаңартқаннан кейін қызметті қайта іске қосыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін PostgreSQL құжаттамасын қараңыз.
PostgreSQL және Postgres Pro серверінің параметрлері, сондай-ақ осы параметрлерді қалай көрсету керектігі туралы толық ақпаратты ДҚБЖ бойынша тиісті құжаттамадан қараңыз.
PostgreSQL және Postgres Pro үшін есептік жазбаларды жасау және конфигурациялау туралы қосымша ақпаратты келесі бөлімінен қараңыз: PostgreSQL және Postgres Pro бағдарламаларымен жұмыс істеу үшін есептік жазбаларды конфигурациялау.
Басына оралу