Kaspersky Security Center бағдарламасы ұйымның желісін қорғау жүйесін басқару және қызмет көрсету жөніндегі негізгі тапсырмаларды орталықтандырылған шешуге арналған. Қолданба әкімшіге ұйым желісінің қауіпсіздік деңгейі туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Kaspersky Security Center, Kaspersky бағдарламаларына негізделген барлық қорғаныс құрамдастарын конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Kaspersky Security Center Басқару сервері клиент құрылғыларының қорғанысын басқаруға толық қатынасу мүмкіндігіне ие және ұйымның қорғаныс жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан, Басқару сервері үшін күшейтілген қорғаныс шаралары қажет.
Конфигурациялау алдында басқару сервері деректерінің сақтық көшірмесін жасау тапсырмасын немесе klbackup утилитасын пайдаланып, Kaspersky Security Center басқару серверінің сақтық көшірмесін жасаңыз және оны қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Қорғанысты күшейту нұсқаулығы, бұзылу қаупін азайту үшін Kaspersky Security Center және оның құрамдастарын конфигурациялаудың ұсыныстары мен ерекшеліктерін сипаттайды.
Қорғанысты күшейту нұсқаулығы келесі ақпаратты қамтиды: