Kaspersky Security Network пайдалану, сондай-ақ Kaspersky Security Center және Kaspersky басқарылатын бағдарламалары үшін антивирустық дерекқорлар жаңартуларын жүктеу үшін интернетке қатынасуды конфигурациялау қажет.
Басқару серверінің интернетке қатынасу параметрлерін көрсету үшін:
Консоль ағашында %s Басқару сервері түйінін таңдаңыз.
Басқару серверінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
Басқару сервері сипаттары терезесінде Кеңейтілген → Интернет желісіне қатынасу параметрлері бөліміне өтіңіз.
Интернетке қосу үшін прокси-серверді қолдану керек болса, Прокси-серверді пайдалану параметрін таңдаңыз. Параметр таңдалған болса, параметрлерді енгізу өрістері қолжетімді болады. Прокси-серверге қосылудың келесі параметрлерін конфигурациялаңыз:
Прокси-серверге қосылуға мүмкіндік беретін пайдаланушы құпиясөзі (Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама жалаушасы қойылған болса, өріс қолжетімді болады).
Енгізілген құпиясөзді қарау үшін, Көрсету түймесін басып, оны қажетті уақыт бойы ұстап тұрыңыз.