Салынған басқару топтарын топтар иерархиясының ішінде жылжытуға болады.
Басқару тобы барлық салынған топтармен, қосалқы Басқару серверлерімен, құрылғылармен, топтық саясаттармен және тапсырмалармен бірге жылжытылады. Оған басқару топтарының иерархиясындағы жаңа жайғасымына сәйкес келетін барлық параметрлер қолданылады.
Топ атауы иерархияның бір деңгейінде бірегей болуы керек. Сіз басқару тобын жылжытып жатқан қалтада ұқсас атауы бар топ бұрыннан болса, жылжытпас бұрын топтың атауын өзгерту керек. Жылжытылатын топтың атауын алдын ала өзгертпеген болсаңыз, жылжыту кезінде оның атауына автоматты түрде түр (<реттік нөмір>) жалғауы, мысалы: (1), (2) қосылады.
Басқарылатын құрылғылар тобының атауын өзгерту мүмкін емес, себебі ол Басқару консолінің кіріктірілген элементі болып табылады.
Топты консоль ағашының басқа қалтасына жылжыту үшін: