Клиент құрылғыларында табылған осалдықтар тізімін көру үшін:
Консоль ағашында, Кеңейтілген → Бағдарламаларды басқару қалтасында Бағдарламалық жасақтама осалдықтары салынған қалтасын таңдаңыз.
Басқарылатын құрылғыларда табылған бағдарламалардағы осалдықтар тізімі бар бет көрсетіледі.
Таңдалған осалдық туралы ақпарат алу үшін:
Осалдықтың контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.
Осалдық сипаттары терезесі ашылып, онда келесі ақпарат көрсетіледі:
Барлық анықталған осалдықтар туралы есепті қарау үшін:
Бағдарламалық жасақтама осалдықтары қалтасында Осалдықтар туралы есепті көру сілтемесінен өтіңіз.
Құрылғыларда орнатылған бағдарламалардағы осалдықтар туралы есеп жасалады. Есепті Есептер қойыншасында қажетті Басқару серверінің аты бар түйінде көруге болады.