Бағдарламаны тыныш режимде орнату үшін:
Орнату пакеті Басқару серверінде Packages қызметтік қалтасындағы ортақ қатынасы бар қалтада сақталады. Бұл жағдайда, әрбір орнату пакетіне жеке салынған қалта сәйкес келеді.
Егер ортақ қатынасы бар қалта Microsoft Windows Vista операциялық жүйесі орнатылған құрылғыларда орналасқан болса, Пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару: барлық әкімшілер әкімшінің мақұлдауы режимінде жұмыс істейді параметрі үшін Өшірулі мәнін белгілеу керек (Бастау → Басқару тақтасы → Басқару → Жергілікті қауіпсіздік саясаты → Қауіпсіздік параметрлері).
EULA=1
және PRIVACYPOLICY=1
кілттері бар орындалатын файлды іске қосу, сіз сәйкесінше Лицензиялық келісім мен Құпиялық саясатын толығымен оқып шыққаныңызды, түсінгеніңізді және олардың ережелерін қабылдайтыныңызды білдіреді. Сондай-ақ, сіздің деректеріңіз Құпиялылық саясатында сипатталғандай өңделетінін және жіберілетінін (соның ішінде үшінші елдерге) білесіз. Лицензиялық келісімнің мәтіні және Құпиялылық саясатының мәтіні Kaspersky Security Center жеткізу жиынтығына кіреді. Лицензиялық келісім мен Құпиялылық саясатының ережелерімен келісу, бағдарламаны орнату үшін немесе бағдарламаның алдыңғы нұсқасын жаңарту үшін қажетті шарт болып табылады.