Лицензия – Лицензиялық келісім негізінде сізге Kaspersky Security Center берілген бағдарламаны пайдалану уақыты шектелген құқық.
Көрсетілетін қызметтердің көлемі және бағдарламаны пайдалану мерзімі бағдарлама қолданылатын лицензияға байланысты.
Лицензиялардың келесі түрлері қарастырылған:
Бағдарламамен танысуға арналған тегін лицензия. Сынақ лицензиясының жарамдылық мерзімі қысқа.
Сынақ лицензиясының мерзімі аяқталғаннан кейін, Kaspersky Security Center бағдарламасы өзінің барлық функцияларын орындауды тоқтатады. Бағдарламаны пайдалануды жалғастыру үшін сізге коммерциялық лицензия сатып алу қажет.
Бағдарламаны сынақ лицензиясы бойынша тек бір сынақ мерзімінде пайдалануға болады.
Ақылы лицензия.
Коммерциялық лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, бағдарлама өзінің негізгі функцияларын орындауды тоқтатады. Kaspersky Security Center бағдарламасын пайдалануды жалғастыру үшін коммерциялық лицензияның жарамдылық мерзімін ұзарту қажет. Коммерциялық лицензияның мерзімі аяқталғаннан кейін, бағдарламаны енді пайдалана алмайсыз және оны құрылғыңыздан жоюыңыз керек.
Компьютерлік қауіпсіздік қатерлерінен үздіксіз қорғауды қамтамасыз ету үшін лицензияның жарамдылық мерзімін оның аяқталу күнінен кешіктірмей ұзарту ұсынылады.