Конфигурациялық профильді құрылғыға орнату

Конфигурациялық профильді ұялы құрылғыға орнату үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылар салынған қалтасын таңдаңыз.

    Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.

  2. Жұмыс аймағында, iOS MDM құрылғыларын iOS MDM басқару протоколы бойынша сүзгілеңіз.
  3. Конфигурациялық профильді орнату қажет болған пайдаланушының ұялы құрылғысын таңдаңыз.

    Бірнеше ұялы құрылғыны таңдап, оларға профильді бір уақытта орната аласыз.

  4. Ұялы құрылғының контекстік мәзірінде Пәрмендер журналын көрсету тармағын таңдаңыз.
  5. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесінде Профильді орнату бөліміне өтіп, Пәрмен жіберу түймесін басыңыз.

    Сондай-ақ, сіз ұялы құрылғының контекстік мәзірінен Барлық пәрмендер тармағын, содан соң Профильді орнату тармағын таңдау арқылы пәрменді ұялы құрылғыға жібере аласыз.

    Нәтижесінде, профильдер тізімі бар Профильдерді таңдау терезесі ашылады. Тізімнен ұялы құрылғыға орнату қажет профильді таңдаңыз. Бірнеше профильді таңдап, ұялы құрылғыға бір уақытта орната аласыз. Профильдер ауқымын таңдау үшін SHIFT пәрменін қолданыңыз. Жекелеген профильдерді бір топқа біріктіру үшін CTRL пәрменін қолданыңыз.

  6. Пәрменді ұялы құрылғыға жіберу үшін OK түймесін басыңыз.

    Пәрменді орындау нәтижесінде пайдаланушының ұялы құрылғысына таңдалған конфигурациялық профиль орнатылады. Пәрмен сәтті орындалған жағдайда, пәрмендер журналындағы пәрменнің ағымдағы күйі Орындалды мәніне ауысады.

    Қайтадан жіберу түймесі бойынша пәрменді пайдаланушының ұялы құрылғысына тағы да бір рет жіберуге болады.

    Пәрмен әлі орындалмаған болса, Кезектен жою түймесі арқылы, жіберілген пәрменнің орындалуын болдырмауға болады.

    Пәрмендер журналы бөлімі мобильдік құрылғыға жіберілген пәрмендерді сәйкес орындалу күйлерімен көрсетеді. Пәрмендер тізімін жаңарту үшін Жаңарту түймесін басыңыз.

  7. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.

Орнатқан профиліңізді қарай аласыз және қажет болса, жоя аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу