Бағдарламалардың орнату пакеттері үшін сертификатты шығару
Бағдарламаның орнату пакетіне сертификатты шығару үшін:
- Қашықтан орнату қалтасындағы консоль шежіресінен Орнату пакеттері салынған қалтасын таңдаңыз.
Қашықтан орнату қалтасы әдепкі бойынша Кеңейтілген қалтасына салынған.
- Орнату пакеттері қалтасының контекстік мәзірінен Кеңейтілген тармағын таңдаңыз.
Нәтижесінде, Орнату пакеттері қалтасы сипаттары терезесі ашылады.
- Орнату пакеттері қалтасы сипаттары терезесінен Автономды пакеттердің қолтаңбасы бөлімін таңдаңыз.
- Автономды пакеттердің қолтаңбасы бөлімінде Белгілеу түймесін басыңыз.
Сертификат терезесі ашылады.
- Сертификат түрі өрісінде сертификаттың жалпыға ортақ немесе жеке түрін таңдаңыз:
- PKCS #12 контейнері мәні таңдалған болса, сертификат файлы мен құпиясөзді көрсетіңіз.
- X.509 сертификаты мәні таңдалған болса:
- жеке кілт файлын (prk немесе pem кеңейтімі бар файл) көрсетіңіз;
- жеке кілт құпиясөзін көрсетіңіз;
- жалпыға ортақ кілт файлын (cer кеңейтімі бар файл) көрсетіңіз.
- OK түймесін басыңыз.
Нәтижесінде, бағдарламаның орнату пакеті үшін сертификат шығарылады.
Басына оралу