Kaspersky Security Center бағдарламасы, Windows операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін басқарылатын клиент құрылғыларында орнатылған бағдарламалық жасақтаманы түгендейді.
Желілік агент құрылғыда орнатылған бағдарламалар тізімін құрастырып, тізімді Басқару серверіне жібереді. Желілік агент орнатылған бағдарламалар туралы ақпаратты Windows тізімдемесінен автоматты түрде алады.
Құрылғының ресурстарын сақтау үшін, әдепкі бойынша Желілік агент орнатылған бағдарламалар туралы ақпаратты Желілік агент қызметі іске қосылғаннан кейін 10 минуттан соң ала бастайды.
Желілік агент қызметі іске қосылғаннан кейін құрылғының бағдарламалық жасақтамасын түгендей бастау уақытын өзгерту үшін:
HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\KasperskyLab\Components\34\1103\1.0.0.0\NagentFlags
HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Wow6432Node\KasperskyLab\Components\34\1103\1.0.0.0\NagentFlags
Әдепкі бойынша, 600 секунд мәні көрсетілген.
Нәтижесінде, Желілік агент қызметін іске қосқаннан кейін бағдарламалық жасақтаманы түгендей бастау уақыты өзгертіледі.