Құрылғылардың пайдаланушыларына хабар жіберу үшін:
Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
Келесі тәсілдердің бірімен құрылғылардың пайдаланушыларына хабар жіберу тапсырмасын жасаңыз:
Таңдалған басқару тобына кіретін құрылғылардың пайдаланушыларына хабар жіберу керек болса, таңдалған топ үшін тапсырма жасаңыз.
Әртүрлі басқару топтарына кіретін немесе ешбір басқару тобына кірмейтін құрылғылардың пайдаланушыларына хабар жіберу керек болса, құрылғыларды жинауға арналған тапсырманы жасаңыз.
Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.
Тапсырманың жұмысы аяқталғаннан кейін, жасалған хабар таңдалған құрылғылардың пайдаланушыларына жіберілетін болады. Пайдаланушыға тапсырманың көмегімен хабар жіберу тек Windows операциялық жүйесінің басқаруындағы құрылғылар үшін ғана қолжетімді. Сондай-ақ,Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасының жұмыс аймағындағы пайдаланушының мәнмәтіндік мәзірінен хабар жібере аласыз.