Kaspersky Security Center бағдарламасы iOS MDM серверін жергілікті құрылғыға тыныш режимде, яғни орнату параметрлерін интерактивті түрде енгізбей орнатуға мүмкіндік береді.
iOS MDM серверін жергілікті құрылғыға тыныш режимде орнату үшін:
.\exec\setup.exe /s /v"DONT_USE_ANSWER_FILE=1 EULA=1 <
setup_parameters
>
"
мұндағы setup_parameters
– бір-бірінен бос орын арқылы бөлінген параметрлер мен олардың мәндерінің тізбесі (PROP1=PROP1VAL PROP2=PROP2VAL
). Setup.exe файлы Kaspersky Security Center дистрибутивінің ішіндегі Server қалтасында орналасқан.
iOS MDM серверін тыныш режимде орнату кезінде қолдануға болатын параметрлердің аттары мен ықтимал мәндері төмендегі кестеде келтірілген. Параметрлерді кез келген тәртіпте көрсетуге болады.
iOS MDM серверін тыныш режимде орнату параметрлері
Параметрдің атауы |
Параметрдің сипаттамасы |
Қолжетімді мәндері |
---|---|---|
EULA |
Лицензиялық келісімнің шарттарымен келісу. Бұл параметр міндетті болып саналады. |
|
DONT_USE_ANSWER_FILE |
iOS MDM серверін орнату параметрі бар xml-файлды қолдану керек пе, керек емес пе. xml-файл орнату пакеті бар жиынтықпен бірге жеткізіледі немесе Басқару серверінде бар. Файлға апаратын қосымша жолды көрсетудің қажеті жоқ. Бұл параметр міндетті болып саналады. |
|
INSTALLDIR |
iOS MDM серверін орнату қалтасы. Бұл параметр міндетті емес. |
Жол мәні, мысалы, |
CONNECTORPORT |
iOS MDM қызметін Желілік агентке қосудың жергілікті порты. Әдепкі бойынша 9799-порт орнатылған. Бұл параметр міндетті емес. |
Сандық мән. |
LOCALSERVERPORT |
Желілік агентті iOS MDM қызметіне қосудың жергілікті порты. Әдепкі бойынша 9899-порт орнатылған. Бұл параметр міндетті емес. |
Сандық мән. |
EXTERNALSERVERPORT |
Құрылғыны iOS MDM серверіне қосуға арналған порт. Әдепкі бойынша 443-порт орнатылған. Бұл параметр міндетті емес. |
Сандық мән. |
EXTERNAL_SERVER_URL |
iOS MDM сервері орнатылатын клиент құрылғысының сыртқы мекенжайы. Бұл мекенжай басқарылатын ұялы құрылғыларды iOS MDM қызметіне қосу үшін қолданылады. Клиент құрылғысы, оған iOS MDM қызметін қосу үшін қолжетімді болуы тиіс. Мекенжайға URL схемасы мен порт нөмірі кірмеуі тиіс, себебі бұл мәндер автоматты түрде қосылады. Бұл параметр міндетті емес. |
|
WORKFOLDER |
iOS MDM серверінің жұмыс қалтасы. Жұмыс қалтасы көрсетілмесе, әдепкі бойынша деректер қалтаға жазылады. Бұл параметр міндетті емес. |
Жол мәні, мысалы, |
MTNCY |
iOS MDM серверін бірнеше виртуалды Серверлермен бірге қолдану. Бұл параметр міндетті емес. |
|
Мысалы:
|
iOS MDM серверін орнату параметрлері "iOS MDM серверін орнату" бөлімінде толық сипатталған.
Басына оралу