Kaspersky Security Center бағдарламасы топтар құрылымын жасау шеберінің көмегімен басқару топтарының құрылымын автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шебер келесі деректер негізінде басқару топтарының құрылымын жасайды:
Мәтіндік файлды қалыптастыру кезінде келесі ережелерді ұстану керек:
Мысалы: Кеңсе 1 Кеңсе 2 Кеңсе 3 Мақсатты топта бірінші иерархия тобының үш тобы құрылады. |
Мысалы: Кеңсе 1/Бөлімше 1/Бөлім 1/Топ 1 Мақсатты топта бір-біріне салынған төрт ішкі топ құрылады. |
Мысалы: Кеңсе 1/Бөлімше 1/Бөлім 1 Кеңсе 1/Бөлімше 2/Бөлім 1 Кеңсе 1/Бөлімше 3/Бөлім 1 Кеңсе 1/Бөлімше 4/Бөлім 1 Мақсатты топта "Кеңсе 1" бірінші иерархия деңгейінің бір тобы құрылып, оның құрамына иерархия деңгейі бірдей болатын төрт салынған топ кіреді: "Бөлімше 1", "Бөлімше 2", "Бөлімше 3" және "Бөлімше 4". Осы топтардың әрқайсысының құрамына "Бөлім 1" тобы кіретін болады. |
Шебердің көмегімен басқару топтарының құрылымын құру кезінде желінің бүтіндігі бұзылмайды: жаңа топтар қолданыстағы топтарды алмастырмайды, тек қосылады. Клиент құрылғысы басқару тобының құрамына қайтадан қосыла алмайды, себебі құрылғыны басқару тобына көшіру кезінде ол Тағайындалмаған құрылғылар тобына жойылады.
Басқару топтарының құрылымын құру кезінде құрылғы қандай да бір себептермен Тағайындалмаған құрылғылар тобының құрамына қосылмай қалған (өшірілген, желіден ажыратылған) болса, ол басқару тобына автоматты түрде көшірілмейді. Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, құрылғыларды басқару топтарына қолмен қоса аласыз.
Басқару топтарының құрылымын автоматты түрде жасауды іске қосу үшін:
Нәтижесінде, басқару топтарының құрылымын жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.
Басына оралу