Диагностиканы іске қосу және оның нәтижелерін жүктеу
Қашықтағы құрылғыда бағдарламаның диагностикасын іске қосу және оның нәтижелерін жүктеу үшін:
- Қашықтан диагностикалау утилитасын іске қосыңыз және "Қашықтан диагностикалау утилитасын клиент құрылғысына қосу" бөлімінде сипатталғандай қажетті құрылғыға қосылыңыз.
- Құрылғы нысандары шежіресінде қажетті бағдарламаны таңдаңыз.
- Диагностиканы іске қосу үшін қашықтан диагностикалау утилитасы терезесінің сол жағындағы Диагностиканы іске қосу сілтемесі бойынша өтіңіз.
Нәтижесінде, нысандар шежіресінде таңдалған бағдарламаның түйінінде диагностикалық есеп пайда болады.
- Нысандар шежіресінде қалыптасқан диагностикалық есепті таңдап, оны Жүктеп алу қалтасы сілтемесі бойынша жүктеп алыңыз.
Таңдалған есеп терезенің төменгі жағында көрсетілген орналасқан жерге жүктеледі.
Басына оралу