Шебердің осы қадамында, өзіңіз таңдаған дерекқорды басқару жүйесіне (ДҚБЖ) байланысты, келесі қосылым параметрлерін көрсетіңіз:
SQL Server серверіне пайдаланушы порты арқылы қосылсаңыз, онда SQL Server данасының атауымен бірге порт нөмірін үтір арқылы көрсетіңіз, мысалы:
SQL_Server_host_name,1433
Басқару сервері мен SQL Server сервері арасындағы байланысты сертификат арқылы қорғасаңыз, SQL сервері үлгісінің атауы өрісінде сертификат жасау кезінде қолданылған дананың атауын көрсетіңіз. Аталған SQL Server данасын қолдансаңыз, SQL Server данасының атауымен бірге порт нөмірін үтір арқылы көрсетіңіз, мысалы:
SQL_Server_name,1433
Бір құрылғыда бірнеше SQL Server данасын қолдансаңыз, кері қиғаш сызық арқылы дананың атауын қосымша түрде көрсетіңіз, мысалы:
SQL_Server_name\SQL_Server_instance_name,1433
Корпоративтік желідегі SQL Server үшін Always On функциясы қосулы болса, SQL сервері үлгісінің атауы өрісінде қолжетімділік тобының тыңдаушысының атын енгізіңіз. Назар аударыңыз, Always On функциясы қосулы болған кезде Басқару сервері синхронды түрде бекітумен бірге қолжетімділік режимін ғана қолдайды.
Осы қадамда Kaspersky Security Center орнатып жатқан құрылғыға SQL серверін орнатқыңыз келсе, орнатуды доғарып, SQL серверін орнатқаннан кейін қайта іске қосуыңыз керек. Қолдау көрсетілетін SQL серверлері жүйеге қойылатын талаптарда көрсетілген.
SQL серверін қашықтағы құрылғыға орнатқыңыз келсе, Kaspersky Security Center орнату шеберінің жұмысын тоқтатудың қажеті жоқ. SQL Server серверін орнатыңыз және Kaspersky Security Center орнатуға оралыңыз.