Желілік агенттің орнату пакетінің параметрлері
Барлығын жаю | Барлығын жию
Желілік агенттің орнату пакетінің параметрлерін конфигурациялау үшін:
- Қашықтан орнату қалтасындағы консоль шежіресінен Орнату пакеттері салынған қалтасын таңдаңыз.
Қашықтан орнату қалтасы әдепкі бойынша Кеңейтілген қалтасына салынған.
- Желілік агенттің орнату пакетінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
Желілік агенттің орнату пакетінің сипаттары терезесі ашылады.
Жалпы
Жалпы бөлімінде орнату пакеті туралы жалпы ақпарат келтірілген:
- Орнату пакетінің атауы
- Орнату пакеті жасалған бағдарламаның атауы және нұсқасы
- Орнату пакетінің өлшемі
- Орнату пакетін жасау күні
- Орнату пакетін орналастыру қалтасына апаратын жол
Параметрлер
Бұл бөлімде Желілік агент орнатылғаннан кейін, оның жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті параметрлерді конфигурациялауға болады. Осы бөлімнің параметрлері тек Windows басқаратын құрылғылар үшін ғана қолжетімді.
Мақсатты қалта параметрлер блогында Желілік агент орнатылатын клиент құрылғысындағы қалтаны таңдауға болады.
- Әдепкі қалтаға орнату
Осы нұсқа таңдалған болса, Желілік агент <Диск>:\Program Files\Kaspersky Lab\NetworkAgent қалтасына орнатылады. Мұндай қалта болмаса, ол автоматты түрде жасалады.
Әдепкі бойынша, осы нұсқа таңдалған.
- Белгіленген қалтаға орнату
Егер бұл нұсқа таңдалса, Желілік агент енгізу өрісінде көрсетілген қалтаға орнатылады.
Төмендегі параметрлер блогында, Желілік агентті қашықтан жою тапсырмасы үшін құпиясөз белгілеуге болады:
- Жою құпиясөзін пайдалану
Параметр қосулы болса, онда Өзгерту түймесін басқан кезде бағдарламаны жою үшін құпиясөзді енгізуге болады (тек Windows отбасының операциялық жүйелері басқаратын құрылғылардағы Желілік агент үшін қолжетімді).
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
- Күйі
Құпиясөз күйі: Құпия орнатылды немесе Құпиясөз орнатылмаған.
Әдепкі бойынша, құпиясөз орнатылмаған.
- Желілік агент қызметін рұқсатсыз өшіруден немесе тоқтатудан қорғау және параметрлердегі өзгерістердің алдын алу
Желілік агент басқарылатын құрылғыға орнатылғаннан кейін, құрамдасты қажетті құқықтарсыз жою немесе өзгерту мүмкін емес. Желілік агенттің жұмысын тоқтату мүмкін емес. Бұл параметр домен контроллерлеріне әсер етпейді.
Жергілікті әкімші құқықтарымен басқарылатын жұмыс станцияларында Желілік агентті қорғау үшін осы параметрді қосыңыз.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
- Белгісіз күйге ие компоненттер үшін қолданылатын жаңартулар мен патчтарды автоматты түрде орнату
Бұл параметр қосулы болса, басқару серверіне, желілік агентке, басқару консоліне және iOS MDM серверіне арналған жүктелген барлық жаңартулар мен патчтар автоматты түрде орнатылады.
Бұл параметр өшірулі болса, жүктелген жаңартулар мен патчтар, олардың күйін Расталды деп өзгерткеннен кейін ғана орнатылатын болады. Анықталмаған күйі бар жаңартулар мен патчтар орнатылмайды.
Әдепкі бойынша, параметр қосулы.
Қосылым
Бұл бөлімде Желілік агенттің Басқару серверіне қосылу параметрлерін конфигурациялауға болады. Қосылымды орнату үшін SSL протоколын немесе UDP протоколын пайдалануға болады. Қосылымды орнату үшін келесі параметрлерді көрсетіңіз:
- Басқару сервері
Басқару сервері орнатылған құрылғының мекенжайы.
- Порт
Қосылым орындалатын порт нөмірі.
- SSL порты
SSL протоколының көмегімен қосылым орындалатын порт нөмірі.
- Сервер сертификатын пайдалану
Егер бұл параметр қосулы болса, Желілік агенттің Басқару серверіне қатынасуын түпнұсқалық растамадан өткізу үшін Шолу түймесін басқан кезде көрсетуге болатын сертификат файлы пайдаланылады.
Егер бұл параметр өшірулі болса, сертификат файлы, Желілік агентті Сервер мекенжайы өрісінде көрсетілген мекенжайға алғаш қосқан кезде Басқару серверінен алынады.
Параметрді өшіру ұсынылмайды, себебі Серверге қосылған кезде Желілік агентпен Басқару серверінің сертификатын автоматты түрде алу қауіпсіз емес болып табылады.
Әдепкі бойынша, жалауша қойылған.
- SSL пайдалану
Бұл параметр қосулы болса, Басқару серверіне қосылу SSL протоколының көмегімен, қорғалған порт арқылы орындалатын болады.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі. Сіздің қосылымыңыз қауіпсіз болып қала беруі үшін, бұл параметрді өшірмеу ұсынылады.
- UDP портын пайдалану
Егер бұл параметр қосулы болса, Желілік агентінің Басқару серверіне қосылуы UDP порты арқылы жүзеге асырылады. Бұл, клиент құрылғыларын басқаруға және олар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
UDP порты Желілік агент орнатылған басқарылатын құрылғыларда ашық болуы керек. Сондықтан бұл параметрді өшірмеу ұсынылады.
Әдепкі бойынша, параметр қосулы.
- UDP портының нөмірі
Өрісте Басқару серверін UDP протоколы бойынша Желілік агентке қосу портының нөмірін көрсетуге болады.
Әдепкі бойынша, UDP портының нөмірі – 15000.
- Microsoft Windows брандмауэрінде Желілік агенттің порттарын ашу
Параметр қосылса, Желілік агент пайдаланатын порттар Microsoft Windows брандмауэрінің ерекшеліктер тізіміне қосылады.
Әдепкі бойынша, параметр қосулы.
- Прокси-серверді пайдалану
Бұл параметр өшірілсе, құрылғыны Басқару серверіне қосу үшін тікелей қосылым пайдаланылады.
Бұл параметр қосылса, прокси сервер параметрлерін көрсетіңіз:
- Прокси-сервердің мекенжайы
- Прокси-сервердің порты
Егер сіздің прокси серверіңіз аутентификацияны қажет етсе, Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама параметрін қосыңыз және прокси серверге қосылым орнатылған тіркелгінің Пайдаланушы аты мен Құпиясөз көрсетіңіз. Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама үшін ғана талап етілетін ең аз құқықтарға ие есептік жазба деректерін беру ұсынылады.
Үйлесімділік себептері бойынша Желілік агент орнату пакетінің параметрлерінде прокси-серверге қосылу параметрлерін көрсету ұсынылмайды.
Қосымша
Кеңейтілген бөлімінде қосылым шлюзін қалай қолдануға болатынын конфигурациялауға болады. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындауға болады:
- Желілік агентті, деректер жіберу уақытында Басқару серверіне қосылу, онымен байланысу және деректерді Желілік агентте қауіпсіз жерде сақтау үшін демилитаризацияланған аймақтағы қосылым шлюзі (DMZ) ретінде қолданыңыз.
- Басқару серверіне қосылу санын азайту үшін Басқару серверіне қосылым шлюзі арқылы қосылыңыз. Бұл жағдайда, қосылым шлюзі ретінде қолданылатын құрылғының мекенжайын Қосылым шлюзі мекенжайы өрісіне енгізіңіз.
- Желіңізде виртуалды машиналар болса, Virtual Desktop Infrastructure (VDI) үшін қосылымды конфигурациялаңыз. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
- VDI үшін динамикалық режимді қосу
Параметр қосулы болса, виртуалды машинада орнатылған Желілік агент үшін Virtual Desktop Infrastructure (VDI) үшін динамикалық режим қосылады.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
- VDI параметрлерін оңтайландыру
Егер параметр қосулы болса, Желілік агенттің параметрлерінде келесі функциялар өшіріледі:
- Орнатылған бағдарламалық жасақтама туралы ақпарат алу
- Аппараттық жасақтама туралы ақпарат алу
- Осалдықтардың болуы туралы ақпарат алу
- Қажетті жаңартулар туралы ақпарат алу
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Қосымша құрамдастар
Бұл бөлімде Желілік агентпен бірге орнатылатын қосымша құрамдастарды таңдауға болады.
Тегтер
Тегтер бөлімінде клиент құрылғыларына Желілік агентті орнатқаннан кейін, оларға қосуға болатын кілт сөздер (тегтер) тізімі көрсетіледі. Сіз тізімдегі тегтерді қоса аласыз және жоя аласыз, сондай-ақ атауын өзгерте аласыз.
Тегтің жанында жалауша қойылған болса, онда тег, басқарылатын құрылғыларға Желілік агентті орнату кезінде автоматты түрде қосылады.
Тегтің жанындағы жалауша алынып тасталса, онда тег, басқарылатын құрылғыларға Желілік агентті орнату кезінде автоматты түрде қосылмайды. Бұл тегті құрылғыларға қолмен қосуға болады.
Тегті тізімнен алып тастаған кезде, тег қосылған барлық құрылғылардан автоматты түрде алынады.
Тексерістер журналы
Бұл бөлімде орнату пакетінің тексерістер журналын қарап шығуға болады. Сіз тексерулерді салыстыра аласыз, тексерулерді қарап шыға аласыз, тексерулерді файлға сақтай аласыз, тексерулердің сипаттамасын қоса аласыз және өзгерте аласыз.
Желілік агенттің орнату пакетінің параметрлері, төмендегі кестеде келтірілген нақты операциялық жүйе үшін қолжетімді.
Желілік агенттің орнату пакетінің параметрлері
Сипаттар бөлімі
|
Windows
|
Mac
|
Linux
|
Жалпы
|
|
|
|
Параметрлер
|
|
|
|
Қосылым
|
|
(Microsoft Windows брандмауэрінде Желілік агенттің порттарын ашу және Тек прокси-серверді автоматты түрде анықтауды пайдалану параметрлерінен бөлек)
|
(Microsoft Windows брандмауэрінде Желілік агенттің порттарын ашу және Тек прокси-серверді автоматты түрде анықтауды пайдалану параметрлерінен бөлек)
|
Кеңейтілген
|
|
|
|
Қосымша құрамдастар
|
|
|
|
Тегтер
|
|
(автоматты түрде тег қою ережелерінен бөлек)
|
(автоматты түрде тег қою ережелерінен бөлек)
|
Тексерістер журналы
|
|
|
|
Басына оралу