Басқару сервері 13000 қорғалған порты бойынша Желілік агенттерден қосылымдарды қабылдайды (төмендегі суретті қараңыз).
Басқару сервері және клиент құрылғысы: қауіпсіздік бағдарламасын басқару, 13000-порт арқылы қосылу (ұсынылады)
Егер сіз Kaspersky Security Center бағдарламасының алдыңғы нұсқаларының бірін қолданған болсаңыз, онда сіздің желіңізде Басқару сервері 14000 қорғалмаған порты арқылы Желілік агенттерден қосылымдарды қабылдай алады (төмендегі суретті қараңыз). Kaspersky Security Center 15.1 нұсқасы 14000-порт бойынша желілік агенттерді қосуды қолдайды, бірақ қорғалған 13000-портты пайдалану ұсынылады.
Басқару сервері және клиент құрылғысы: қауіпсіздік бағдарламасын басқару, 14000-порт арқылы қосылу (төмен қорғаныс)
Схемаларға түсініктемелер алу үшін төмендегі кестені қараңыз.
Басқару сервері және клиент құрылғысы: Қауіпсіздік бағдарламасын басқару (трафик)
Құрылғы |
Порт нөмірі |
Портты ашатын процесс атауы |
Протокол |
TLS (TCP үшін ғана) |
Портты тағайындау |
---|---|---|---|---|---|
Желілік агент |
15000 |
klnagent |
UDP |
Мәні жоқ |
Желілік агенттерге арналған көп мекенжайлы таратылым |
Басқару сервері |
13000 |
klserver |
TCP |
Иә |
Желілік агенттерден қосылымдар қабылдау |
Басқару сервері |
14000 |
klserver |
TCP |
Жоқ |
Желілік агенттерден қосылымдар қабылдау |