Бұл терезе, бұған дейін Пошталық сертификат немесе VPN сертификаты сертификат түрі таңдалған болса ғана көрсетіледі.
Құрылғының операциялық жүйесінің түрін көрсетіңіз:
iOS MDM құрылғысы. iOS MDM протоколы арқылы iOS MDM серверіне қосылатын ұялы құрылғыға сертификат орнату қажет болса, осы нұсқаны таңдаңыз.
Ұялы құрылғыларға арналған Kaspersky Security басқаруындағы KES-құрылғысы. KES құрылғысына сертификат орнату қажет болса, осы нұсқаны таңдаңыз. Бұл жағдайда, сертификат пайдаланушыны анықтау үшін Басқару серверіне қосылған кезде пайдаланылады.
Пайдаланушы сертификатының негізінде түпнұсқалылықты тексерусіз Басқару серверіне қосылған KES құрылғысы. Сертификат бойынша аутентификациясы жоқ KES құрылғысына сертификат орнату қажет болса, осы нұсқаны таңдаңыз. Бұл жағдайда, шебердің соңғы қадамында, Пайдаланушыға хабарлау әдісі терезесінде әкімші Басқару серверіне қосылу кезінде пайдаланушыны авторизациялау түрін таңдауы тиіс.