\Kaspersky Security Center бағдарламасы жақын арада жарамдылық мерзімі аяқталған немесе мақсатты құрылғыда табылмаған сайын сертификатты автоматты түрде қайта жіберуі үшін, осы параметрі қосыңыз.
Сертификат, сертификаттың жарамдылық мерзімі біткенге дейін бірнеше күн қалғанда автоматты түрде қайта жіберіледі. Сіз Сертификаттарды шығару ережелері терезесінде күндер санын белгілей аласыз.
Кейбір жағдайларда сертификаттарды құрылғылардан табу мүмкін емес. Мысалы, бұл жағдай, егер пайдаланушы Kaspersky қауіпсіздік қолданбасын құрылғыға қайта орнатса немесе құрылғыны зауыттық параметрлерге қалпына келтірсе орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда, Kaspersky Security Center бағдарламасы, құрылғы келесі рет Басқару серверіне қосылуға әрекеттенгенде құрылғы идентификаторын тексереді. Егер құрылғыда сертификатты беру кезіндегідей идентификатор болса, бағдарлама сертификатты құрылғыға береді.