Amazon RDS данасын орналастырған параметрлер тобының әдепкі бойынша белгіленген конфигурациясы Kaspersky Security Center дерекқорымен жұмыс істеу үшін жеткіліксіз. Параметрлер тобына параметрлерді қосу және дерекқормен жұмыс істеу үшін IAM рөлін құру қажет.
Параметрлер тобын өзгерту және IAM рөлін құру:
AWS басқару консолі (https://console.aws.amazon.com) ашық екеніне және сіз есептік жазбаңызбен кіргеніңізге көз жеткізіңіз.
Мәзірден Қызметтер тармағын таңдаңыз.
Қолжетімді қызметтер тізімі көрсетіледі (төмендегі суретті қараңыз).
Басқару сервері деректерінің сақтық көшірмесін жасау үшін Amazon S3 орнының данасын жасап қойған болсаңыз, ашылмалы мәзірден қажетті S3 орнын таңдаңыз.
Параметрлерді қосуды аяқтау үшін беттің төменгі жағындағы Параметрді қосу түймесін басыңыз.
Сіз параметрлер тобын өзгерттіңіз және RDS дерекқорымен жұмыс істеу үшін IAM рөлін жасадыңыз.
Осы құжатта көрсетілген веб-беттердің мекенжайлары Kaspersky Security Center шыққан күні дұрыс болып саналады.