Басқару сервері бастапқы желі сауалнамасын орындайды. Сауалнама барысында оны орындау барысы көрсетіледі. Сауалнама аяқталғаннан кейін, Анықталған құрылғыларды қарап шығу сілтемесі қолжетімді болады. Басқару сервері анықтаған желі құрылғыларын қарап шығу үшін сілтеме арқылы өтуіңізге болады. Жылдам іске қосу шеберіне оралу үшін Escape пернесін басыңыз.
Бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін іске қоспай-ақ, желіде кейінірек сауалнама өткізуге болады. Kaspersky Security Center Web Console көмегімен домен контроллерлері, Windows домендері, IP ауқымдары және IPv6 желілері сауалнамасын реттеңіз.